Дұрыс тамақтанбағаны үшін төленетін айыппұл
Американың Оңтүстік Беврик қаласында жүргізуші автокөлгін Dunkin Donuts кафесінің (фаст-фуд орталығы) маңайына тұрақтаса, 175 доллар айыппұл төлейді. Осылайша Үкімет басшылары халықтың дұрыс тамақтануын қадағалайды екен.
Жайбасарлық үшін төленетін айыппұл
Орегон штатының заң жүйесінде жүргізуші автокөлігінен баяу түскен жағдайда 90 доллар көлемінде айыппұл төлейді.
Сусын үшін төленетін айыппұл
Біріккен Араб Әмірлігінде (БАӘ) шырын, шай, кофе секілді сусын өнімін қоғамдық жерде ішкені үшін айыппұл тағайындалады. Себебі «Рамазан айында» барлық мұсылман қауым таң атқаннан кеш батқанға дейін ауыз бекітеді. Бұл құқықты негізінен шетел азаматтары жиі бұзады. Оған тағайындалатын айыппұл көлемі 500 доллар шамасында. Егер заң бұзушы бұл айыпақыны төлей алмайтын болса, 1 айға абақтыға қамалады.
Қар атқылау ойнына төленетін айыппұл
Белгия елінің кей ауданында қармен атқыласқан адамға 50-100 еуро көлемінде айыппұл салынады.
Ашық жүргені үшін төленетін айыппұл
Таиланд корольдігінде ер кісіге кеудесін ашып көлік жүргізуге болмайды. Егер жүргізуші көлікті осылайша жүргізетін болса, онда жүргізуші 20 доллар шамасында айыппұл төлеуі керек.
Егеуқұйрықтыққа төленетін айыппұл
АҚШ-тың Хилтон Хэд қалашығында заң қадағалаушы органдары жүргізуші көлігінен қандайда бір егеуқұйрықты еліктіретін қоқыс немесе өзге де басқа заттарды тапқан жағдайда 50 доллар айыппұл немесе 1 ай көлемінде абақтыға отырғызады.
Егеуқұйрық жануарын қорлағаны үшін төленетін айыппұл
Америка елінің Гейлсбург қаласында егеуқұйрықты бейсбол шоқпарымен соқпылаған адам 1000 доллар шамасында айыппұл төлеуі керек.
Автокөлік бензо багының бос болғаны үшін төленетін айыппұл
Бұрындары Германия Федеративтік Республикасында түнде көлік жанармайы таусылып қалған жүргізушіге 90 еуро айыппұл тағайындалған.
Ер жігіттің абыройын түсіргені үшін тағайындалатын айыппұл
Үндістанда әйел адам көпшілік алдында күйеуін белсіздік ауруына кінәлайтын болса, онда ол 200 000 рупий (2,7 мың доллар) айыппұл төлеуі керек.
Дұрыс есім қоймағаны үшін төленетін айыппұл
1991 жылы Швеция елінің жас отау иелері өз баласын «Brfxxccxxmnpcccclllmmnprxvclmnckssqlbb11116» деп атамақ болғаны үшін 5 мың крон (700 000 доллар) айыппұл төлеген.
Оқи отырыңыз:
Аниме туралы қызықты деректер
Қазақстан туын денесіне тату етіп салған үнді
Қос неміс жігіт суға лақтыратын катапульта жасап шықты
БҰҰ әлемді 2100 жылы мұнай және газдан бас тартуға шақырады
Сурет: iabtierschutz.blogspot.com