Әлемдегі ең қымбат қонақүйлер

Әлемдегі ең қымбат қонақүйлер

Әртүрлі елдерді аралап, саяхатқа шығуды барлық адам армандайды. Біреулер қалтасына қарай арзан көліктермен сапар шегіп, арзан жерлерге аялдаса, біреулер жеке ұшақтарымен ұшып, әлемнің ең қымбат қонақүйлеріне тоқтайды.

Саяхатқа шығушылардың арасында қалтасы қалың байлар, әдеттегі туристер, оған қоса бизнес және vip-жиһангездер де кездеседі. Саяхатшылардың арасында жеке жүргізушілері бар, ортақ жуынатын бөлмелерді қолданбайтын, таңғы ас үшін асханаға түсуге мәжбүр болмайтындары бар. Біз сіздерді қазіргі уақыттағы әлемнің ең қымбат қонақүйлерімен таныстырмақпыз. Бұл қонақүйлерде бір түн болу құны шамамен әлемдегі орта тұрмысты адамның бір жылдық бюджетіне тең екен.

The Connaught, Лондон

The Connaught қонақүйінде 23,500 АҚШ долларына бір түнге қала аласыз.

Cala di Volpe, Порто-Черво, Сардиния 

Cala di Volpe қонақүйіндегі бағасы 26,000 АҚШ долларын құрайтын президенттік люкс бөлмеде үш жатын орын, жүзу бассейні, соляри және фитнес залы бар.

Үш жатын бөлменің әрқайсысында джакузи, үлкен жуынатын бөлме және сардин мәрмәрінен жасалған әжетхана үстелдері бар.

Shangri-La Bosphorus, Ыстамбұл

«Шангри-Ланың» люкс бөлмелері қонақүйдің бүкіл жоғарғы қабатын алып жатыр. Бұл люкс бөлмелерде Ыстамбұлдың және Босфор бұғазының керемет көрінісін тамашалай аласыз. Нөмірдің бағасы бір түнге 26,385 АҚШ долларын құрайды.

Айнамен көмкерілген жуынатын бөлмеде теледидар орнатылған.

Mandarin Oriental, Шанхай

Mandarin Oriental-дің президенттік люкс бөлмелері Шанхайдың іскерлік ауданында аспанмен таласқан 25-ші қабатта орналасқан. Жеке шарап қоймасы бар және қаланың керемет көрінісі көрінетін бұл екі кісілік нөмірдің бір түні 26,450 долларын құрайды.

Hotel Plaza Athеnеe, Париж


Plaza қонақүйіндегі 27,000 АҚШ долларын және ауданы 450 м2 құрайтын патшалық люкс бөлмелер Париждің ең қымбат және ең үлкен қонақүй нөмірлері болып саналады. 

St. Regis Villa, Маврикий

St. Regis қонақүйінің виллалары барлық аралдағы ең үлкен виллалар атағына ие. Бұл жерде сіз үшін джакузи, арнайы бар, және жеке аспазшы қызмет етеді. Қонақүйде бір түнге қалғыңыз келсе, 30,000 АҚШ долларыңыз болуы керек.

St. Regis Saadiyat Island Resort, БАӘ


Бұл қонақүйдің бағалары күннен күнге өсуде. БАӘ-дегі Саадият аралында орналасқан St.Regis қонақүйінің патшалық люксінің бағасы - 35,000 АҚШ долларын құрайды. Нөмірге барлық қажеттілікпен қоса жеке кинотеатр да кіреді.

Жатын бөлменің өзі түгелдей бір қабатты қамтиды.

Grand Resort Lagonissi, Афина

Бұл грек қонақүйіндегі патшалық люкс бөлмеге екі жатын бөлме, мәрмәрмен көмкерілген жуынатын бөлме және сарай қызметшілеріне арналған жеке орындар кіреді. Бұл нөмірге Мел Гибсон және Леонардо ди Каприо секілді атақты адамдар қонақ болған. Жалпы құны - 35,000 АҚШ доллары.

Виллада жеке массаж кабинеті, жүзу бассейні және Жерорта теңізі көрінетін терраса бар.

Grand Hyatt Cannes Hotel Martinez, Канн, Франция


Martinez қонақүйінің бір түні 37,500 доллары болады.

Laucala Island Resort, Фиджи


Бұл қонақүй кезінде әйгілі бизнесмен Малкольм Форбсқа тиесілі болған. Қазір бұл қонақүй Red Bull компаниясының басшысы, австриялық бизнесмен Дитрих Матешицтің иелігінде.

Аралда жағажайға жақын өте жақсы деген атаққа ие 25 вилла орналасқан. Және де шыңда орналасқан тағы бір керемет вилла бар. Дитрих Матешицтің өзі аралда қонақ болған кезінде тек сонда ғана тоқтайды екен. Виллаларды жалға алу бағасы бір түн үшін 40,000 доллар болады.

Вилланы жалдау үшін алдын ала кепілақы төлеуіңіз қажет.

Palms Resort, Лас-Вегас


Palms Resorts қонақүйіндегі Sky Villa бөлмелерінде әйнекті лифт, тәуліктік қызмет көрсету т.б. қызметтер қамтылған. Бағасы – 40,000 АҚШ доллары. 

Қонақүйде  Хью Хефнер Sky Villa деп аталатын ең керемет деңгейдегі бірнеше нөмір бар.

Four Seasons, Нью-Йорк


Four Seasons қонақүйінде Тай Уорнер люкс бөлмелері бір түнге 45,000 АҚШ долларына дейін жетеді. Бұл - Нью-Йорк қаласындағы кітапханасы бар ең керемет қонақүй.

Бұл нөмірдің құрылысы 7 жылға созылып, 50 миллион АҚШ долларына салынған екен. Көлемі өте үлкен болса да, люкс нөмірі екі ересек және бір кішкентай балаға арналған.

Burj Al Arab, Дубай


Бурж-аль Араб қонақүйінде бірнеше люкс нөмір мен виллалардан басқа керемет ештеңе жоқ. Алайда қызмет көрсету жағынан жоғарыда аты аталған қонақүйлерден кем емес. Бағасы бір түнге - 2,000 доллардан 12,000 долларға дейін жетеді.

Қонақүй қызметіне тік ұшақпен тасу, жеке қызметші, төрт жүзу бассейні және пляж кіреді. 

Raj Palace, Джайпур, Үндістан

Raj Palace қонақүйінің қызметін әлемнің көптеген ауқатты адамдары мен жұлдызды футболшылары пайдаланған. Бағасы бір түнге 45,000 долларды құрайды.

Мұнда алты жатын орын, кинотеатр, кітапхана, бас аспазшының басшылығымен жүретін үй қызметкерлері бар.

Hotel President Wilson, Женева, Швейцария

Әлемдегі ең қымбат қонақүй бөлмесінің бағасы 68,000 АҚШ доллары. Мұнда Билл Гейтс, Майкл Дуглас секілді миллиардерлер жатқан. Бөлмеде барлық жағдай жасалған. Жеке лифт және жаттығу залы бар. Қонақүйдің терезесінен Женева өзені көрінеді. Бұл бөлмеде қалған қонақтар үшін арнайы қауіпсіздік шаралары қарастырылған.

Пентхауста 6 адам ыңғайлы тұрақтай алады. Бірақ қонақүйдің берген ақпаратында 12 жатын төсек көрсетілген. Бұл деген, сіз бай достарыңызбен бірге келіп, уақытыңызды жақсы өткізе аласыз деген сөз.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: oxyxo.ru

Н. Айдархан