Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымының қорытынды есебі бойынша Біріккен Араб Әмірлігі екінші жыл қатарынан әлемдегі ең қайырымды ел ретінде танылды.
БАӘ өзге мемлекеттердің дамуы жолында көрсеткен гуманитарлық көмектің көлемі бойынша бірінші орынға шықты. Аталмыш есеп 2014 жылғы мәліметтерді қоса қарастырған. Осы уақыт аралығында БАӘ аталмыш бағыт бойынша 5 миллиард доллар қаржыны гуманитарлық көмекке жұмсаған.