Әлемдегі ең қауіпті қонақүй (видео)

Әлемдегі ең қауіпті қонақүй (видео)

Әлемдегі ең қауіпті қонақүй Италияда орналасқан. Қызыл-қара құбыр секілді пішінде жасалған үй 300 метр биіктіктегі шыңға салынған.


Қонақүй атақты итальян шыңдарын бағындырушы Джусто Джервазутти есімімен аталады. Үйге бір түнде 12 альпинист түнеп шығуға мүмкіндік бар. Көбіне аталған қонақүйде Монблан шыңын бағындырушылар қонақта болатын көрінеді.  Сонымен қатар, тауда немесе тұманда бағытынан адасқан шың бағындырушыларының өмірін сақтап қалуға да арнап салынған.

Қонақүйді салуға 250 мың евро қаржы жұмсалыпты. Көптеген құрылыс заттары шыңға тікұшақ арқылы тасылған екен. Ең қауіпті саналатын бұл қонақүйде бір күн тынығу 30 евроны құрайды.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: bugaga.ru

О. Сансызбай