- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлемдегі ең қауіпті...
Әлемдегі ең қауіпті әуежайлар
Әлемнің кез келген жеріне уақытыңызды үнемдеп жету үшін ұшақтың тигізер пайдасы мол. Ол үшін тек сіз баратын елдің әуежайы болса жеткілікті. Бүгінгі таңда барлық мемлекетте өзінің арнайы ұшақ қондырар мекені бары рас. Алайда, жер жетпеу себебінен немесе қолайсыз орналасқандығынан кейбір әуежайлар қауіпті болып келеді.
7. Лукла әуежайы, Непал
Непал мемлекетінің шығысында орналасқан Лукла әуежайының бір шеті шатқал болса, енді бір қиыры жартас болып келеді. 2900 метр жерде орналасқан ұшақ жолының тым қауіпті екені алғашқы ашылуынан бастап-ақ белгілі болған. 1949 жылы Еуро Одақтың біртұтас шешімі бойынша еропаның 28 мемлекетіне осы жерден көтерілген ұшақтарға қонуға тыйым салынған. Бүгінге дейін 70-тен астам әуе апаты орын алып, 700-ге жуық адам жан тәсілім еткен. Лукла әуежайының қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеу себебі атақты Эверест шыңына шығушыларға ең жақын нүкте болып табылады. 2008 жылы Непал билігі әуежайға әлемнің ең биік шыңын алғаш болып бағындырған Эдмунд Хилларидің есімін берген. Алайда, әлі күнге дейін мұнда келетін туристер Лукла деп атайды.
6. Мадейра әуежайы
Мадейра әуежайы 1977 жылғы қайғылы апатымен көпшілік есінде қалған. "TAP Portugal Flight" ұшағының бортындағы 425 адамның 131-і осы апаттан ажал құшқан. Фуншал қаласына жақын орналасқан әуежайдың ұшақ қонатын жолының қысқа болғандығынан апаттан кейін 400 метрге ұзартқан. 2003 жылы мұхит бетіне арнайы көпір салынып тағыда екі есеге өскен. Таңғажайып көпірдің арқасында көптеген Халықаралық сыйлықтарға ие болған. Соның ең үлкені инженерлер арасындағы "Оскар" сыйлығын да жеңіп алған.
5. Халықаралық Барра әуежайы
Халықаралық Барра әуежайы – әлемдегі теңіз жағасына ұшақ қондыратын жалғыз әуежай. Шотландияның Барра аралындағы жағажайда орналасқан. Егер сіз осы бір керемет мекенге жол тартсаңыз, Глазго және Бенбекала әуежайынан ғана ұшаққа отыра аласыз. Кешкі рейстерге қалып қойсаңыз жағажайдан автокөліктердің жарығымен орналасқан әуежайды көресіз. Бұл жерде барлығы шынайы болғандықтан, жағажайда қатты бір ұшақтарға арналған жағдай жасалмаған.
4. Густав ІІІ әуежайы. Сан-Барт
Швецияда орналасқан әуежайға үшінші Густав корольдің есімі берілген. Аталған мекен көбіне жүк тасымалына ыңғайлы. Жиырмаға жуық жанды ғана бортына мінгізіп, қалғанына жүк артатын ұшақтар жақын жерлерге қатынайды. 1785 жылы Франциядан азат етілген жерге салынғар әуежай жағалауда демалып жатан жұртшылықтың үстінен ұшады.
3. Куршевель әуежайы (Франция)
Альпі тауларының маңындағы шаңғы демалыс аймағында салынған әуежай. Ұшақ жолы небәрі 525 м жерді құрайтын әуежайда тек кәсіби пилоттар ғана өз көліктерін игере алады. Сондықтан мұнда жол тартқан рейстердің ең бірінші жүргізушілері қатты тексерістен өткізіледі.
2. Juancho E. Yrausquin әуежайы. Саба аралы
Екі жағы да шатқалда орналасқан және ұшақ жолы ең қысқа «Juancho Е. Yrausquin» әуежайы Нидерландия мен Антиль аралдарында орналасқан. Көптеген пилот үшін осында бағытталған рейстер қауіпті болып келеді. Мұнда сәл жасалған қателік қайғылы оқиғамен аяқталатынына ешкім шүбә келтірмейді. Сондықтанда әуе компаниялары бұл бағытқа тек арнайы дайындықтан өткізілген мамандарды ғана ұшыруға тырысады.
1. Халықаралық Juliana әуежайы
Халықаралық Juliana әуежайы қанша қауіпті болғанымен, мұнда ашылғаннан бері апаттық жағдай орын алмаған. Тек ұшақтар жағажайдағы адамдардың биіктігінен 10-20 метр биіктен ұшатындығынан қауіптілер қатарынан орын алуда. Сент Мартин аралындағы әуежай талайды таңқалдырып жатады. Кейде тіпті туристердің түсірген сәтті кадрлерін фотошоппен жасалған деп, байбалам салатындар да жеткілікті.
B. ZHAQSYMBET