114 жасар Мисао Окава есімді жапон әжей әлемдегі ең қарт әйел болып шықты.
Жапонияның Мисао Окава есімді азаматшасы бүгін Гиннестар рекорд кітабына ең жасы егде әйел ретінде тіркелді. Оның жасы 114-ке келіпті. Мисао әжей Жапонияның Осака қаласындағы қарттар үйінде тұрады екен.
Бұл азаматша ресми түрде Гиннестер рекордының сенімхатын алған. Ол 1898 жылы дүниеге келген. 5 наурыз күні Мисао Окава өзінің 115 жасын тойлайтын болады. Әженің үш ұлы, төрт немересі және алты шөбересі бар екен.
Қарттар үйі қызметкерлерінің айтуынша, әже осы уақытқа дейін қатты ауырмаған да. Жалпы Жапония елінде жасы 100-ден асқан 50 мыңдай адам өмір сүреді екен. Сондай-ақ әлемдегі ең қарт адам саналатын Дзироэмон Кимурада Жапонияда тұрады. Оның жасы бүгінде 115-те.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: rus.ruvr.ru