Әлемдегі ең ескі көйлек

Жер шарындағы ең ескі көйлектің тігілген уақыты белгілі болды. Британиялық ғалымдар осыдан 100 жыл бұрын Мысырдан табылған көйлекті радиокөмірсутекті әдіспен зерттеп, мәлімдеме жасады.

Оқымыстылардың айтуынша, бұл көйлек осыдан шамамен 5,5 мың жыл бұрын тігілген. Бұл көйлекті қолынан шынымен де іс келетін шебер тігінші ауқатты отбасынан шыққан әйелдің тапсырысы бойынша тіккен көрінеді. Ақшыл-сары түсті таза табиғи матадан тігілген киімнің ұзындығы қанша сантиметр болғаны жұмбақ күйі қалады. Себебі ол етегі жыртылып қалғаннан кейін табылған. "Тархан" деген атау берілген бұл көйлек қазір Лондонның Виктория және Альберт мұражайында тұр.

 

Дереккөз: 24.kz