Атақты The Guardian сайты әлем елдерін аралап көшеде тез дайындалатын ең дәмді 10 тамақтың тізімін жасады. Тізімге өзбектердің ұлттық тағамы палау да еніпті. Бұл туралы сайтта ресми жарияланған. Өзбекстанда палау ошақтағы үлкен қазанда дайындалады. Негізгі рецепті күріш, ет және көкөністер. Ташкент қаласының орталығындағы асханалардың бірінде, бізге бұл дәмді тағамды ұсынды. Бұл өзбектердің қонақжай, ашық, ақкөңілділігін білдіреді, делінгенресми сайтта.Тілшінің пікірінше, палау - елдегі көп таралған, көшеде тұтынатын тағамдар қатарындағы ең танымалы. Сондай-ақ, ең дәмді көше тағамдары қатарына Тайвань, Франция, Словения, Румыния, Бангкок, Камбоджа, Катманду, Мексика және Чили елдерінде дайындалатын тағамдар да енген.