Әлемдегі ең біртүрлі ғимараттар

Әлемдегі ең біртүрлі ғимараттар
Фото: designyoutrust.com

ХХІ ғасырда адам таңғаларлық оқиғалар болып, дүниелер жасалып жатыр. Өмірде де, өнерде де, қызмет көрсетуде де, құрылыста да, медицинада да – бәрінде креативті жаңалықтар бой көрсетіп жүр. Мысалы, құрылыста, архитектурада адамды таңырқататын жаңалық көп. Төмендегі дәлелдерге қарап отырып, адамзат тағы қандай тастан сарай тұрғызар екен деп ойлауыңыз мүмкін. Ендеше, байқап көріңіз.

Францияның Кань-сюр-Мер қаласындағы Полигон Ривьера ойын-сауық орталығы. 2015 жылы ашылған бұл ғимараттың архитектурасын сәулетшілер ХХІ ғасырдың талаптарына сай деп есептейді.

MahaNakhon – Тайландтағы ең биік ғимарат. Оның атауы тай тілінен аударғанда "Мегаполис" деген мағынаны білдіреді. Ішінде бірнеше сауда, бизнес орталығы мен "Ritz-Carlton Residences" қонақүйі бар. Сыртынан қарағанда ғимараттың құрылысы әлі аяқталмағандай көрінеді. Бірақ, оның да өз себебі бар. Бұл елдегі жемқорлықтың белгісі секілді дейді ғимараттың сәулетшісі Оле Шерен. 

Еуропаның өзге астаналарына қарағанда Брюссель жер көлемі жағынан кішкентай. Есесіне, сәулет өнеріне жақын. Үйлері, әр терезесі мен есігі қарапайымдылықтан алыс. Ертегі, мультфильмдердегі сарайлар мен ергежейлілердің үйшігіне ұқсайды.

Құрылысы 1997 жылы басталып, 2003 жылы аяқталған бұл ғимарат The Tomorrow Square Building деп аталады. Бұл – Қытайдың Шанхай қаласында орналасқан ең биік әрі жер сілкінісіне төтеп бере алатын үй. Ең биік екені рас, ал екіншісі әлі тексерілмеді.

ХХ ғасырда ортағасырлық үлгіде салынған Velasca мұнарасы Миланда орналасқан. Құрылыс кезінде осы ғимараттың бір сәулетшісі мерт болған екен. Сол үшін ғимарат түнде қызыл түске боялады. Біреулер мұны мистикамен байланыстырады, бірақ түнде қызыл шамдарды ғимаратқа қаратып жағу үшін ешқандай мистиканың қажеті жоқ.

Бұл қонақүй де, мейрамхана да емес. Италияның өрт сөндіру қызметінің ғимараты. Жартасқа ойылып салынған ғимараттың бір ерекшелігі қала ортасынан артық орын алмайды. Үнемді Италия!

Бұл – Берлиндегі Медициниалық зерттеу институты. Құрылысы 1980 жылы аяқталған ғимараттың сыртқы көрінісі атқыш кемеге не танкке қатты ұқсайды. Жануарларға сараптама жасайтын орталық әлемдегі "біртүрлі" ғимараттар қатарына жатады.

Кувейт қаласындағы Al Tijaria ғимаратының құрылысы 4 жылға созылған (2005-2009 жж.). Суреттен байқап отырғаныңыздай, аласа үйлердің жанында мына спираль ғимараттың түрі сұсты көрінеді.
 
 
Ал бұл ғимарат еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласында орналасқан. Бір қарағанда ерте замандағы жауынгерлер сарайы сияқты, енді бірде теңіз кемесіне, енді бірде өзге ғаламшарлықтардың мекеніне ұқсайды.
Г. Берік