Тайланд астанасы Бангкокте әлемдегі ең биік қараусыз қалған ғимарат бар. Ол Sathorn Unique деп аталады. Бұл 49 қабатты ғимарат мемлекет үлкен экономикалық дағдарысты басынан кешіріп жатқан кезде, нақтырақ айтар болсақ, 90-жылдардың бас кезінде салына бастаған. Алайда 1997 жылы қаржы дағдарысының кесірінен құрылыс тоқтап қалады.
Бүгінде аспанмен таласқан зеңгір үйге жергілікті халық түрлі жарнама баннерін іліп жүр. Бұл жер өте қауіпті болғандықтан, кіруге тыйым салынған. Алайда мұнда келетін жастар мен бейсджамперлердің саны көп. Сонымен қатар Sathorn Unique туралы ел аузында алып-қашпа әңгімелер бар. Біреулер ғимаратты құлайын деп тұр десе, енді біреулер кешке қарай қорқынышты дауыс естілетінін айтады.
Қазіргі таңда Тайландтың экономикасы дамып, қарқынды құрылыстар жүріп жатса да, бұл ғимаратты қалпына келтіру жайлы жоспар жоқ. Себебі оған жұмсаған қаржыға жаңа зәулім ғимарат салған тиімдірек деп отыр. Қараусыз қалған ғимараттың бірнеше суретін назарларыңызға ұсынамыз.
Ұқсас жазбалар:
Қазақ мәдениетін сақтап қалған француз кітапханасы
Шетелдік жұлдыздар аналарымен бірге