- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлемдегі ең беймаза...
Әлемдегі ең беймаза қала
Әлемдегі ең беймаза қала деп танылған Кореяның астанасы Сеулде жер астында жасырын қала орналасқан. Жер астында болса да үлкен мегаполиске айналып, медицина дамып, мейрамхана бизнесі қарқынды жүріп жатыр. Тіпті зейнет жасындағы адамдар да гаджеттерді толық пайдалана алады. Сонымен қатар статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, бұл қаладағы әйел жынысының екіден бірі пластикалық хирургияға барады екен. Сеул метросына күніне шамамен бес миллионнан астам мінеді. Әлемдегі ең үлкен үнжілді орта - Сеулде. Ол миллион адамды құрайды.
Қаланың орасан шапшаңдығына үлгеру үшін кәрістер кимчи мен адамтамырды тұтынады. Ол Қиыр Шығыста өсетін пайдалы өсімдік. Сөйтіп тәулігіне төрт-ақ сағат ұйықтап, бәріне де үлгеруге тырысады. Сеулдегі ең тыныш көңіл көтеретін орын - үнсіз дискотека. Онда адамдар өлеңді құллаққап арқылы тыңдайды.
Сурет: cheaptrip.livejournal.com
Ж. Исакаев