- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлемдегі ең бай...
Әлемдегі ең бай ит
Әлемдегі ең бай адамдар тізімі жыл сайын жаңарып, миллиондаған, миллиардтаған АҚШ долларлары айналымда жүреді. Бұл әрине адамның еңбекпен тапқан ақшасы. Бірақ сіз әлемде адамдардан бөлек жан-жануарлардың да бай тұратынын білесіз бе? Егер естімеген болсаңыз, сізге әлемдегі ең бай ит турасында әңгімелеп береміз.
1992 жылы неміс графині Карлотта Либенштейн өзінің неміс тұқымды итіне Гюнтер ІІІ деген ат береді. Тек атын атап қана қоймай, итіне бар байлығын қалдырады. Кейін бұл байлық талан-таражға түспей, Гюнтер IV-ке табысталады.
Бірнеше жыл өткен соң британияның «Сан» басылымы әлемдегі ең ең бай жануарлар туралы мақала жариялайды. Онда иелерінің байлығын иемденген жан-жануарлар тізімі сарапқа салынған. Ал біз айтып отырған Гюнтер IV неміс тұқымды иті осы тізімнің көшін бастап тұрды. Оның сырт бейнесі мен тектілігі бағалау кезінде 100 миллион АҚШ долларына тең келген. Ал бұл – қомақты ақша. Сондықтан барлық БАҚ жарысып жаза бастады. Дегенмен ақылға қонымсыз ақшаны түрлі бағытта жаза бастаған газет беттері "бұл жай ғана жарнама үшін" деп сенімсіздік таныта бастады.
Бірақ 1999 жылы «ақсүйек» атанып кеткен Гюнтер IV жылжымайтын мүліктерді қорғау бойынша операцияға қатысып өзінің танымалдығын растайды. Ол ғана емес, ең бай ит әйгілі актер Сильвестер Сталлонға өзінің 25 миллион доллар тұратын сарайын сенім хаты арқылы беріп, әлемді дүр сілкіндіреді. Өкінішке орай келіссөздер дұрыс жүрмей, ақша далаға кетеді. Бірақ миллионер ит бұған қам жеген жоқ. Себебі әлі де өзінде қалған ақшасымен Мадоннаның сарайын паналап, ақшасын сенім хат арқылы әншіге аударып отырған.
Гюнтер IV неміс тұқымды итінің ақшасы жыл сайын өсіп отырды. Соңғы есеп бойынша оның есеп шотындағы ақша 370 миллион долларға жеткен. Қалай болғанда да, әлі күнге дейін дау көп. БАҚ беттері мұны әлі де болса жарнама деуден шаршамайды. Оған негізгі себеп, бай әншілер мен актерлердің өздеріне назар аудартуы үшін деп санайды. Бірақ Гюнтер IV неміс тұқымды итінің әлемдегі ең бай ит екені шындық.
Естімеген елде көп...
М. Ақан