«The Guardian» газетінде мынадай қызықты зерттеу жұмысы жарияланды. Ол зерттеуде әлемдегі ең бай адамдар өз ақшасын жұмсауға қанша уақыт кетіретіндігі анықталған.
Дүниежүзіндегі ең бай миллиардер Билл Гейтс өзінің 79 миллиард АҚШ доллар ақшасын 218 жыл бойы оңды-солды жұмсаған кезде ғана тауыса алады екен. Бұл күніне 3 «Феррари» автокөлігін сатып алғанмен бірдей. Ал бұл көліктің бағасының қымбат екенін біз айтпасақ та білетін шығарсыз. Ал америкалық кәсіпкер Уоррен Баффетке бүкіл ақшасын соқыр тиынына дейін жұмсау үшін 169 жыл қажет екен.
Сурет: 3d-pictures.picphotos.net