Француздық ғалым және генетик Матье Рикардың әлемнің ең бақытты адамы екені зерттеу барысында анықталды. Осыдан тұп-тура 40 жыл бұрын ғылымды тастап, Үндістанға ат басын тіреген 66 жастағы қартымыз буддизмді білмекке ұмтылыпты.
Қазіргі таңда Далай-ламаның ең сенімді адамдарының бірі Матье Рикар батыстан дін жолына түскен құрметті, қадірлі адамдардың санатында.
Анықталғандай, күнделікті медитация Рикарды қуаныш пен шаттыққа бөлейді екен. Бұл туралы Висконсин университетінің неврологы Ричард Дэвидсон жүздеген адамның бас бөлігіне зерттеу жасап болған соң, анықтап отыр. Матьенің басына қойылған 256 тетіктің бәрі өз кезегінде растап берді.
Сканерлеу кезінде "Гамма" медитациясында отырған Рикардың ми бөлігі қарқынды жұмыс істеуге кіріскен көрінеді.
Зерттеушілердің ой-пікірі бойынша, медитация кезінде мидың солтүстік бөлігі оң бөлікке қарағанда ерекше белсенділік танытып, монахты ерекше бақытқа бөлеп, депрессияға қарсы тұрар күш сыйлайтын болып шықты.
Ричард Дэвидсон 12 жыл бойы ішінде бірінші рет медитацияға бой ұрған және ұзақ жылдарға жалғастырып келе жатқан адамдарға болған зерттеуде нақтылы көрсеткішке жете алып отыр.
Медитацияны елу мың рет қайталаған адамдар өте жақсы көрсеткішке қол жеткізсе, күніне 20 минуттан үш реттен жасап тұратын адамдардың көрсеткіштері қарқындап өсу үстінде болған.
"Медитация - ағаш астында тұрып миға тәтті күй сыйлаудан да әлдеқайда артық дүние. Ол сіздің миыңыз бен өзіңізді өзгертеді" - дейді Ричард Дэвидсон.
Ендеше, медитацияның адам миы мен оның бұлшықеттерін дамыта отырып бақытқа бөлейтіні жалғыз шындық болып қала бермек.
Философ Жан-Франсуа Ревель мен суретші Яхне Ли Томилиннің ұлы Матье Рикар «Монах пен философ» кітабы шыға салысымен әлемдік даңққа бөленді. Әкесімен сыр шертісетін аталған кітапта өмір туралы ой-толғамдар топтастырылған.
сурет:news.a.ua
Дайындаған: Фараби Арыстанбек