Әлемдегі ең алып гүл

Әлемдегі ең үлкен гүл таяуда ғана Швейцарияда пайда болды. Гүлдің аты – Титан Арум. Титан Арум құрамында 170-ке жуық тропикалық гүлдер бар аройдтар тұқымдастығына жатады екен.

Базел қаласының ең үлкен ботаникалық бағында ашылған гүлдің биіктігі 2,27 метр болса, салмағы 100 келіні құрайды. Мамандар гүлдің жапырақтары 6 метрге дейін өсетіндігін айтып отыр.

Бақ қызметкерлері өсімдіктің гүлін көру үшін 17 жыл күткенге ұқсайды.

Жаңалығымыз мұнымен бітпейді. Титан Арум – әлемдегі ең үлкен ғана емес, ең сасық гүл де болып табылады. Гүлдің маңына жолай қалсаңыз, шіріген еттің иісі мұрныңызды жарып жіберуге шақ қалады.

Бұған қарамастан, гүлді көрушілер қатары сирейтін емес, керісінше күн өткен сайын артуда, өйткені, өсімдік гүлі бірнеше күннен кейін ғайып болады.

Аталған таңғажайып гүл 5-10 жылда бір рет ғана гүл ашатын болғандықтан, өз көзіңізбен көруге асығыңыз!

Суреттер:wildwildworld.net.ua,zhenskoe-mnenie.ru,liveinternet.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева