Археология — адам мен тіршілік нышанының жан біткен сәтінен, қоғамның алға аяқ басқан кезеңіне дейінгі өткерген арпалыстың көз айнасы, яғни тарих ғылымы саласының көзі мен құлағы. Басты зерттеу нысаны алғашқы қауымнан, ерте заман мен орта ғасырлардан қалған материалдық ескерткіштерді қамтиды. Егер жерімізде осы уақытқа дейін 107 миллиард адам өмір сүріп келді деп есептесек, табиғаттың тарихи ауқымы қаншалықты кең екендігін елестетіп көріңіз.
Кейбір археологиялық жаңалықтар күллі әлемді тәнті еткен. Мәселен, көне римдік Помпейдің ашылуы, ерте заманның өркениетін тануға септігін тигізген. Осы секілді сіздерге тарихи маңызы ерекше болған археология жұмыстарын ұсынамын.
Хисарлык қорғаны
Хисарлык қорғаны Түркия жерінде орналасқан. Мұндай төбе троялықтардың өмірде шынымен болғандығын дәйек етеді. Илиада уақыты кезіндегі Гомер поэмалары тек аңыз ретінде қабылданып келген. XIX ғасырдың 20-70-ші жылдарында жасалған қазба жұмыстары сәттілікке жолығып, өткен заманнан бері біраз деректі мәліметтер жинақталды. Соның арқасында Троя мемлекетінің шын мәнінде өмір сүргендігі анықталып жатыр.
Мегалозавр
Мегалозавр – бірінші болып зерттелген динозавр. Әрине, осыған дейін археологтар сүйек қалдықтарын тауып алып жатты, алайда технологияның жоқтығынан нендей жануарға кезіккенін анықтай алмаған. Археологиялық жұмыстардың қарқын алуы жүздеген динозаврлардың этимологиясын беріп, ұлттық мұражайларға экспедиция жемісі ретінде жұрт алдына көрсетілді.
Саттон-Ху қазынасы
Саттон-Ху – Британия елінің ең қымбат асыл қазынасы ретінде саналады. Ол VII ғасырда билік еткен корольдің жерленген мазары. Онымен бірге жанына көптеген асыл заттар: әшекей, лира, қылыш, дулыға секілді баға жетпес қазыналар қойылған. Сонымен қатар жерлеу камерасының жан-жағын өзге он тоғыз жерлеу қабірі қоршап жатыр.
Дманиси
Хомосапиенстің эволюцияға түскен ежелгі адамдарын зерттеу жұмыстары көп жылдардан бері жалғасып келеді. 1,8 миллион жыл жас шамасындағы адамның ми бас сүйегі Грузия елінің Дманиси қаласында табылды. Ол Африкадағы табылған хомоэректуспен екі түрлі кезеңде дамығандығын айтады.
Алтын адам
Алтын адам — темір дәуірінен бері сақталып келе жатқан сақ тайпасының алтын киім киінген сақ жауынгері. Алтын адам Алматы облысының Есік қаласындағы Есік өзені бойында сақ обасынан табылған. Оны 1969-1970 жылдары Есік обасына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында Кемел Ақышев тапты. Алтын адам киімі төрт мыңға жуық алтынмен әрленген барыс, таутеке, арқар және басқа өзгеде құс жануарлары сияқты пішіндерге нақышталып, қымбат асыл тастармен безендірілген. Бұл ескерткіш көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беріп қана қоймай, сақ тайпасының мемлекеттік өркениеті ертеден қалыптасқандығына көз жеткізеді.
Оқи отырыңыз:
Виртуалды мұражай
Антикалық мифология
Жартастағы "тірі" мүсіндер
Румынияның жер асты өмірі
Дубайдағы атақты алтын базары
Қазақстандағы ерекше ескерткіштер
Пирамидаларды тұрғызған египеттік құлдар емес
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: earth-chronicles.ru,domongol.org