Әлемдегі «бақытсыз» 10 ел

БҰҰ қолдауымен АҚШ-тың шығыс Колумбия университеті әлемдегі «бақытты елдердің» рейтингін жариялағанын хабарлаған едік. Енді сол рейтинг қорытындысы бойынша тұрғындары «бақытcыз елдердің» тізімі де жарияланды.

«World Happiness Report» рейтингінде Бурунди ең «бақытсыз» ел саналып отыр. Шығыс Африкадағы кішігірім мемлекет әлемдегі аз дамыған елдер қатарына кіреді. Солтүстігінде - Руандамен, батыста — Конго Демократиялық Республикасымен, шығыста және оңтүстік шығыста Танзаниямен шектеседі. Теңіз шыға алмайтын мемлекеттер қатарында. 

Рейтингті жасаған сарапшылардың айтуынша, мемлекеттің бақытты болуы халықтың өмір сүру деңгейіне соншалықты байланысты емес. Тізімді жасауға негізінен елдің экономикалық, әлеуметтік және табиғи дамуы әсер еткен.

Әлемдегі «бақытсыз елдер» ондығы

Бурунди

Сирия

Того

Ауғанстан

Бенин

Руанда

Гвинея

Либерия

Танзания

Мадагаскар