Әлемдегі ақ, қоңыр түсті жалғыз панда

Қытайдың Шаньси аумағында туған ақ, қоңыр түсті панда көзі ашылғаннан туристердің сүйікті жануарына айналған. Туғанынан шешесі бас тартып арнайы мамандардың тамағымен қоректеніп жетілген аюдың есімі "Кизай" деп аталады. Қытайша бұл сөз "жетінші бала" деген мағынаны білдіреді. Әлемдегі пандалардың жалғыз түрі болғандықтан бұл қонжыққа күтім де ерекше. Екі жылдан бері көзінен таса қылмай келе жатқан саябақ жұмысшысы Хи Син бұл панданың өзгелерден баяу қимылдайтынын тіліне тиек етті. Сондай-ақ аю мен оянып сонымен бірге ұйықтайтын маман ең жақсы тағамдарды Кизайға беретіндерін де жасырмады.


Қазіргі уақытта жеті жасқа келген панда тұқымдастарынан бөлек өмір сүреді. Соған қарағанда мұндай түсті көрмеген өзге пандалар өз тұқымы екендігіне сенбейтін көрінеді.