- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлемде талай қызық...
Әлемде талай қызық бар...
Египет шөлінде «Ақырзаман» кинотеатры бар
Синай жарты аралында ашық аспан астында бір де бір фильм көрсетпеген «Ақырзаман» кинотеатры бар екен. Бір қызығы, бұл кинотеатрдың соғылғанына он жыл болыпты.
Эстондық фотограф Каупо Киккас бұл кинотеатрды есінен адасқан бір француз азаматы соқтырған дейді. Француз Парижге барып ақша жинап алып, Каир қаласына қайта келіп ескі заман стиліндегі орындықтар сатып алған екен. Ал экран мен аудио-жүйені толықтай бір ескі кинотеатрдан саудалап алған көрінеді. Бұдан кейін француз Синайға оралып, электрогенератор қойған.
Дегенмен түптің түбінде Египет билігі француздың бұл ісін құп көрмеген. Сөйтіп, ашық аспан астындағы кинотеатр бір де бір көрермен жинай алмаған. Қазіргі таңда кинотеатрдағы 150 орындық бос тұр. Ал Египетте арнайы тур ұйымдастырып, саяхат жасамаса, шөлге шығуға тіпті де рұқсат жоқ екен.
Қытайда жолбарыс сүйегінен шарап жасалады
Әлемде жолбарыс жоғалып кету алдында тұрған жануар саналады. Қазіргі кезде әлемде Қытайды санамағанда 3500-4700 аралығында ғана жолбарыс қалған. Ал Қытайдың бір өзінде 5000 жолбарыс бар екен.
Қытайлар сол жолбарыстың сүйегін шарапқа салып ішеді. «Xiongsen Bear & Tiger Zoo» атты хайуанаттар бағының мамандары жолбарыстың етін, сүйектері мен ағза мүшелерін дәрілік өнім ретінде саудалағаны үшін сотталыпты да. Ал Қытайдың дәстүрлі медицинасы жолбарыс сүйегі салынған сусынды көптеген ауруларға қарсы қолданады екен. Сонымен, жолбарыс сүйегі үгітіліп қосылған шарап шөлмегі $800-ға сатылады екен. Ал ауқатты адамдардың мұндай өнімді аукциондарда жәшігін $30 000-ға саудалағаны да тіркеліпті.
Мұндай өнімдердің заңсыз екені анық, сол себепті де Қытай билігі «жолбарысқұмарларға» қарсы заңды 1993 жылы қабылдап қойған. Әлемдегі экологиялық агенттіктер мен ұйымдар осы фактілерді келтіріп, Қытай шенеуніктері саудаласатын аукциондарды жабуға ұсыныс жасап отыр.
Ажырасу туралы заңы жоқ екі мемлекет
Әлемде ажырасуға құқық бермейтін екі мемлекет бар. Олар Ватикан және Филиппин. Басқа елдерде ажырасуға болатын негізгі себептер қарастырылса, ал бұл екі мемлекетте үйленген адамдар ешқашан да ажыраса алмайды екен.
Ватиканда мұндай заңның жоқтығын ондағы мыңнан аспайтын адамымен және католиктер доктринасымен түсіндіруге болады. Ал Филиппин елінде мұндай заңның жоқтығын түсіндіретін бір де бір дерек жоқ. Айта кетейік, бұл елде тек мұсылмандар ғана ажыраса алады екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: factroom.ru
А. Құлтай