Әлем қайырымсыз адамдардан тұрмайды

Әлем қайырымсыз адамдардан тұрмайды
Фото: www.youtube.com,

Соңғы уақытта Канаданың Ванкувер көшесінде қайыр тілеген арбадағы мүгедектерге қоқан-лоқы көрсету күрт көбейген. Оларға пышақ сермеп, азын-аулақ ақшаларын қолды қылу жиілей түсіпті. Осы кезекте Ванкувер сақшысы сержант Марк Хорсли оларды ұстау мақсатында мүгедектің рөлін ойнап көшеге шығады. Осылайша жергілікті полиция органдары қылмыскерлерді ұстамақшы болған. Марк өзін сотқарлар түгін қалдырмай тонап кетеді деп ойлаған екен. Алайда, барлығы керісінше өрбіген...


Мұнда Майкқа өзі секілді арбаға таңылған сал адам танысуға келеді.

Майктың арбаға таңылғанын көрген жас жігіт Құдайдан оның денсаулығының жақсы болып кетуін тілейтінін айтқан.

Сержанттың жанынан өтіп бара жатқан жігіт оған өзінің анасының да арбамен қозғалатынын айта келе беліндегі ашық қалған сөмкесін түймелеп берген.

Бұл жағдайлардан бөлек Майк салдығына байланысты жолаушылардан өзінің ақшасын санап берулерін өтінеді. Ал жолаушылар болса, оның нәпақасын санап қана қоймай, оған қосымша ақша ұстатып кеткен екен.

Майк: — Ешбір жан менің жағдайымды пайдаланып, жаман іс-әрекетке бармады. Өткіншілердің маған деген жылуы мен қайырымдылығы жүрегімді тебірентті, - дейді өз сөзінде.

Н. Нұрмаханұлы