Әлем картасын өзге мемлекеттер қалай көреді?

Кішкентай кезімізден бастап көріп өскен әлем картасы біздің әлем құрылысы жайлы белгілі бір түсінігімізді қалыптастырды. Біздің бұл түсінігіміз қате емес, бірақ біз кейде бұл картаның Жер шарының шартты көрінісі екенін ұмытып кетеміз. Осыдан барып біз кей мемлекеттер әлемнің ортасында орналасып, қалғандары шет жаққа жайғасқан деп қабылдаймыз. Шын мәнісінде, әлемнің ортасында немесе өзге қырында орналасу жай ғана картаның қалай салғанымызға байланысты. Мәселен, Ресей, АҚШ, Қытай, Австралия, Чили, Оңтүстік Африка елдері мен Еуропада әлем карталары әралуан, бір-бірінен ерекшеленеді. 

Өзге елдердің әлем картасын қалай көретіндігі жайлы El.kz сайты қызықты материал дайындапты. Сол жазбаны назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстан

Әлемнің вертикалды осі Мәскеу арқылы өткен. Солтүстік пен Оңтүстік Америка және Австралия әлемнің шет жағында. Тынық мұхит бүтін бір кеңістік ретінде қарастырылмайды.

Еуропа

Әлемнің вертикалды осі Лондон арқылы жүргізілген. Алдыңғы картадағыдай мұнда да Америка құрлықтары мен Австралия әлемнің перифериясында және Тынық мұхит біртұтас кеңістік ретінде қарастырылмайды. Сонымен қатар, экватор (Солтүстік пен Оңтүстікті орталықтандыру) картаның төменгі бөлігіне ысырылған. Бұл Африка, Оңтүстік Америка және Африка құрлықтарын Солтүстік Америка мен Еуропаға қатысты кішкентай етіп көрсетеді. 

АҚШ 


Әлемнің вертикалды осі АҚШ арқылы жүргізілген. Америка «арал» секілді бейнеленген, бір жағынан Тынық мұхиты, екінші жағынан Атлант мұхиты шайып жатыр жағасы. Еуропалықтардың картасындағыдай мұнда да экватор төменге қарай жылжытылған. Ресей, Үндістан және Қытай карта екі жақта: батыста да, шығыста да бейнеленген. Бұл аталмыш елдердің орналасуын түсінуді шамалы қиындатады. 

Қытай

Қытай өз картасында Тынық мұхитының батыс жағалауында орналасқан. Бұл мұхитқа Африка мен Еуропадан басқа барлық құрлық шыға алады. 

Австралия

Жоғарыда тұрғандар доминант, төмендегілердің бәрі бағынушы дейтін жалпы стереотип қалыптасқан. Бұл стереотипті австралиялықтар бұзып, әлемнің вертикалды осін өздері арқылы жүргізіп, картаны 180 градусқа бұрып, төңкеріп көрсеткен. 

Оңтүстік Африка Республикасы

Оңтүстік Африка Республикасы Австралияның картасындағыдай жоғарыда орналасқан, әдеттегідей төменде емес. Бұл аталмыш мемлекетті доминант ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. ОАР жағасын екі мұхит (Үнді және Атлант) шаятын түбек ретінде бейнеленген. 

Дәурен Омаров

сурет: 200stran.ru, el.kz