Әлем жануарлар көзімен

Әлем жануарлар көзімен
Фото: wallpapers-of.com

Көптеген жануарлар, оның ішінде үй жануарлары жаратылысынан түс ажырата алмайды. Көздері түске қалай әсер етсе олар қоршаған ортаны солай қабылдайды. Ал адамдардың түс қабылдауы үш фоторецептордың көмегімен жүзеге асады.

Біріншісі, қызыл түсті, екіншісі, жасыл және көк түс реттеп отырса, ал үшінші фоторецептор түнде көруге көмектеседі.

Ал жануарларда бұл керісінше. Көптеген түс ажырата алмайтын жануарлар осы үш фоторецептордың тек екеуін ғана қолданады. Яғни, олардың түс ажарата алмауы осы бір фоторецептордың жоқ болуымен байланысты.

Ендеше, күнделікті көріп жүрген заттарымызға бір рет жануарлардың көзімен қарап көрейік. Сол жақтағы бейне жануарлардың көзімен, ал оң жақтағы адамның көзімен.

Мысық

Жылан

Ара

Теңіз құрты

Құстар

Өздеріңіз тамашалағандай, сіздің мысығыңыз қызыл түсті өкінішке орай көре алмағанымен, жасыл түсті жақсы қабылдайды екен. Ал жолақты бал араларына шырынға толы әдемі гүлдері де жолақты болып көрінеді. Иә, табиғат заңдылықтары адамзат баласын таңғалдыруын тоқтатар емес. Іздеп, зерттеген сайын, келесі бір жаңалықтың ізіне кезіктіреді.

Е. Жұмабайұлы