Әлем халықтары 2013 жылды қалай қарсы алды?

Әлем халықтары 2013 жылды қалай қарсы алды?

Бірнеше ай мен апталар бұрын алып-ұшып дайындалған қытымыр қыстың ең көңілді мерекесі де артта қалды. Арамызда Жаңа жылдың жағымды әсерлерінен арыла алмай жүргендер де бар. Ендеше, біз де кеш болмай тұрғанда Жаңа 2013 жылдың таңғажайып кештеріне қорытынды жасап үлгеріп қалалық...

Григориан күнтізбесі бойынша, Жаңа 2013 жылды ең алғаш болып Тынық мұхитының орталығында орналасқан Критимати аралының тұрғындары қарсы алды. Мұндағы отшашуды тамашалауға жиналған халықтың санында шек жоқ.

Ең керемет жаңажылдық шаралардың бірі Дубайда өтті. Әлемдегі ең биік ғимарат болып саналатын Бурдж Халифа түрлі-түсті отшашулармен әрленіп, оны миллионға жуық адам тамашалады. 

Мәскеудің Қызыл алаңындағы Жаңа жыл мерекесін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Сидней, Гонконг және Шанхай жерінде ең қымбат отшашулар ұйымдастырылды.

Лондон қаласындағы ең үлкен дөңгелектің жаңажылдық көрінісіне куә болыңыз. 

Тайваньдағы "Taipei 101" маңындағы Жаңа Жыл кеші туралы әдемі аңыздар әлі де таусылған жоқ.

Еліміз де Жаңа жылды тойламай қалған жоқ. Қазақстанның әр қаласы өзінше тойлап, көркі көз сүріндірген шыршалармен бірге Жаңа жылға аяқ басты. 

Суреттер:skuky.net,astana.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева