- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлем ғажайыптары: көктен...
Әлем ғажайыптары: көктен түскен тастар
Бірі білсе, бірі білмейді күніне жер бетіне кем дегенде бір мың метеорит түседі. Олардың бәрін ғалымдар байқап үлгермейді. Тек жанып одан қалған қалдықтарынан түскен ұсақ тастарды зерттейді.
Даниялық ғалым В.Бухвальд Гренландиядан он бес тонналық метеорит тапқан.
Жаздыгүні ғалым Гренландияның солтүстік-батыс аудандарының бірінен көктен түскен тастарды іздеуге кіріседі. Йорк мүйісінің маңын аралайды. Бұл жерді таңдап алуы тегін емес. 1894 жылдың өзінде-ақ белгілі поляр зерттеушісі америка ғалымы Р.Пири осы жерден көптеген метеориттер кездестірген.
Жалпы жер шарынан табылған метеориттердің ең үлкені қазіргі күнде Оңтүстік-Батыс Африка жерінде жатыр. Ол «Гоба» деп аталады. Ең қызығы бұл метеориттің салмағы алпыс тонна тартып тұрғаннан кейін, оны әлемдегі кез келген мұражайға қою мүмкіндігі жоқ. Осыдан кейін Р.Пири екінші үлкен метеоритті Гренландиядан кездестіреді.
Археологиялық қазбалар кезінде кейде таңғажайып заттар табылады. 1892 жылы Аргентинада археологиялық қазба жұмыстары кезінде алты метр тереңдікте қазіргі күнде дүние жүзінде кездеспейтін мегатерия деген кесірткенің қаңқасы табылады, ол бұдан миллиондаған жыл бұрын метеорит тиіп өлген деп топшалайды. Ал оған дәлел аспаннан түскен тас оның қасында жатқан.
Жер бетінде біз білген және білмеген әлем ғажайыптары қанша ма. Олардың әлі жұмбағы да ашылған жоқ.
М. Ақан