Әлемде сөзбен жеткізе алмайтын, сырға толы әсем де таңғажайып жерлер көп. Соның ішіндегі ең ерекше құбылыстарды Массагет оқырмандарына қызық болады деген оймен ұсынып отырмыз.
Жануарлардан тұратын жаңбыр – әлемнің көптеген елдерінде тіркелген болса да, өте сирек кездесетін метеорологиялық феномен болып есептеледі. Алайда Гондурас халқы үшін бұл үйреншікті құбылыс ретінде қалыптасқан. Әр жылдың мамыр, шілде айларында аспанда қара бұлттар пайда болып, найзағай жарқырап, күн күркіреп, қатты жел соғып, 2-3 сағат жаңбыр жауады...
Жаңбыр аяқталысымен, жерде жүздеген тірі балық денелері жатады. Кейін халық оны жинап, қуырып жейді екен.
Кататумбо найзағайы – бұл таңғажайып құбылыс жарқырауды бірде-бір дыбыссыз шығарады. Найзағай шамамен жерден 5 километр биіктікте пайда болады.
Аталған найзағай сағатына 280 рет, күніне 10 сағат бойы, жылына 140-160 рет түседі. Бұл құбылыс Кататумбо өзені, Венесуэладағы Маракайбо көліне құйылатын жерінде, дәл сол өзеннің сағасында байқалады.
Ағашта жайылатын Марокко ешкілері
Шөп жетіспеушілігінен ешкілер ағашқа шығып, күні бойы ағашта жайылатын әлемдегі жалғыз ел – Марокко.
Бір ерекшелігі мұндай картинаны тек Жоғары және Орта Атлас тау шептерінде, сонымен қатар Сус алқаптары мен Атлантикалық мұхит жағалауында көруге болады. Шынын айтқанда, қойшылар өз ешкілерін ағаштан-ағашқа жылжи отырып жаяды.
Әлемдегі ең ұзын толқын
Бразилия елінде жылына екі рет, дәлірек айтқанда, ақпан және наурыз айлары арлығында Амазона өзені сағасында Атлантикалық мұхиттан ащы, анағұрлым ауыр судың келгені байқалады. Мұхит суы өзен ағымымен кездесіп, өзен суын ығыстыра бастайды. Соның нәтижесінде, биіктігі 6 метрге жететін алып толқындар пайда болады.
Көктем кезінде Дания елінде таңғажайып құбылыс болады: Барлық аймақтардан ұшып келген миллионнан астам еуропалық қараторғай күн батпай тұрып үлкен топқа жиналады екен. Оңтүстіктен ұшып келген қараторғайлар күні бойы көк шалғында болып, кешкісін аспан төрінде топтық би билейді екен.
Даттықтар бұл құбылысты "Қара Күн" деп атаса керек. Аталған құбылысты наурыз айынан бастап, сәуір айының ортасына дейін тамашалауға болады.
Сурет: interest-planet.ru, bigpicture.ru