- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлем елдерінің кофесі...
Әлем елдерінің кофесі
Бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам таңертең кофемен ұйқысын ашып, жұмыс күніне қызу кіріседі. Дәмі тіл үйіретін бұл хош иісті сусынды жақсы көрмейтіндер аз шығар. Кофенің негізгі түсі жасыл, тек қуырған кезде қоңырқай түске айналады. Ал кофенің сан мыңдаған түрі бар. Алайда барлығы да бір әдіспен дайындала бермейді. Әлемде қанша ел болса, сол елдің барлығы өз тәсілімен кофе дайындайды. Назарларыңызға әлем елдерінің түрлі кофе түрлерін ұсынамыз.
Жұмыртқа кофесі (Вьетнам)
Кофенің негізгі рецебі – жұмыртқаның сарысы, қоюландырылған сүт, қант және ыстық кофе.
Лапландық кофе (Италия)
Ыдысқа бірінші лапландық ірімшіктің бір кесегін салып, үстіне кофе құяды.
Латын эспрессосы (Италия)
Эспрессо кофесіне міндетті түрде лимон тілімін салып ішеді және шыны ыдыстың қасында шай қасығы тұруы керек.
Лагрима (Аргентина)
Бұл кофеге тек бір-екі тамшы кофе қосылғаны болмаса, қалғаны тек сүттен және сүт көпіршігінен тұрады.
Бонбон (Испания)
Бұл кофенің бір ерекшелігі жартысы сүт, жартысы қоюландырылған сүттен дайындалады.
Дәмдеуіші көп кофе (Марокко)
Бұл кофеге күнжіт дәндері, қара бұрыш және жұпар жаңғағы секілді дәмдеуіштер қосылу арқылы өте дәмді сусын шығарады.
Кофе және шай (Гонконг)
4 пакет шай мен қара бұрыш, қоюландырылған сүт және 2 салым кофені араластырып жасайтын сусын.
Фраппе (Грекия)
Құрамына кофе, балмұздақ, мұзды су және сүт қосылатын фраппе дәмді сусыны.
Фарисей (Германия)
Бұл сусын Германияда ойлап табылды. Отбасылық мерекелерде алкогольді сусынның орнына жүреді. Кофенің бетіндегі мол кілегейінің астында қант борығы шырынын ашытып жасайтын спирт жасырынған.
Тоуба (Сенегал)
Кофе дәндерін қуырып, оған гвинея бұрышын қосады. Сосын қалыпты кофелер сияқты қайнатады.
Сарымсақ пен бал қосылған кофе (Туркия)
Түркиядағы танымал сусындардың бірі. Сонымен қатар мұны "ескі мавр рецебі" деп те атайды.
Апельсин кофесі (Ямайка)
Ямайка елін көбінесе роммен (қант борығы шырынын ашытып жасалатын спирт) байланыстырады. Сондықтан дәстүрлі кофелеріне алкоголь сусынын қосып дайындайтынына ешкім таңғалмайды.
Н. Үсенова