Әр елдің өзіне ғана тән ишарат тілі болады. Кез келген іс-әрекеттің өз мәні, өз ауыртпалығы бар. Сондықтан да, келеңсіз жағдайға түспес үшін кейбір елдердің ишаратына назар аударайық.
Азия елдерінде басқа адамға аяғыңызды тигізбеңіз. Аяқ - дене мүшесінің ең төменгі бөлігі. Аяқпен затқа, адамға көрсетуші болмаңыз. Жөнсіз аяғыңызды көтеріп, үстел мен орындыққа аяқпен тұрмаңыз. Абайсызда басқа адамға аяғыңыз тиіп кетсе, міндетті түрде, қолынан ұстап, басыңызды түсіріп кешірім сұраңыз. Сондай-ақ, Азия елдерінде адамдардың басынан ұстап, шашынан сипауға болмайды. Бас киім мен жастыққа отырмаңыз.
XIX ғасырда Фиджи аралында бастау алған қол алысу дәстүрі әлі күнге дейін жалғасуда. Достық қол алысу ұзаққа созылуы мүмкін. Қол алысу әңгіме біткенше жалғасады.
Непалда созылған аяқты аттап өту дөрекілік болып саналады. Сондықтан да, аяғыңызды созып отырған кезде, өтіп бара жатқан жанды өткізу үшін, аяғыңызды жинаңыз. Бұл елде де жастыққа отыруға болмайды.
Онсен деп аталатын жапон моншасында сумен емделу үшін алдын ала суға түсіп, жуынып алу керек. Егер де жуынбай суға түссе, ем дұрыс қабылданбай, лас суға түскендей болады.
Итальяндықтар өз эмоцияларын көрсеткенді ұнатады. Олар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, ұзақ сәлемдесіп, сүйісіп, төс қағыстырып жатады. Итальян ер-азаматтары бір-бірімен қол ұстасып жүре береді. Қоғамдық орындарда итеру, қағып кету, сығылысу дөрекелік болып саналмайды.
Үнді елінде ишарат тілі арқылы барлық игі қошеметтерді білдіруге болады. Тістерінің арасына тілін қою арқылы олар қарама-қарсы отырған жанның сұлулығына, кербездігіне тамсануы мүмкін.
Марокко елінде сәлемдесу 10 минутқа дейін созылады. Амандасқан кезде, оң қолыңызды бұлғап, оны жүрегіңізге қою керек. Осылай екі жақ жүздескендері үшін қуанышты екендігін көрсетеді. Бір-бірін бұрыннан танитын достар бір-біріне төрт рет ауа арқылы сүйіс жібереді. Сүйісу кезінде бір-бірлерінің қал-жағдайын сұрап, жылы дидарласады.
Болгария, Грекия және Үнді елдерінде бас изеу «жоқ», бас шайқау «иә» дегенді білдіреді. Германияда «жоқ» деп айту үшін қолды ары-бері сермеу жеткілікті.
Бас бармақ пен сұқ саусақты біріктіріп, дөңгелек жасау Жапонияда «ақша», Түркияда «мен сен өлтіремін», Францияда «нөл» деген мағына білдіреді. Ағылшын елдерінде бұл қимыл мақұлдауды, Испания мен Португалияда жақтырмауды білдіреді. Ал Бразилияда бұл дөрекіліктің белгісі.
«Тіл шығару» Тибет елінде бейтараптылықтың, Қытай елінде қатердің, Үнді елінде ашудың, майя халқында даналықтың белгісі болып табылады.
Суреттер: eva.ru, naim.ru