2019 жылдың алғашқы айында-ақ 33 ауа температурасы рекорды жаңарды. Бір қызығы, оның бірде-бірі суық температураға қатысты емес.
Сарапшылар Солтүстік жарты шарда ауа райының қалыпты болуын қыс уақытымен байланыстырса, Оңтүстік жарты шарда аптап ыстықтың рекорды тіркелуде, - деп жазады New Scientist басылымы.
17 қаңтар күні Аустралия елі тарихында ең ыстық ауа температурасы тіркелді. Термометр бағамы +35,9 градустан асты. Ал Аделаидаға жақын маңда күндізгі ыстық 49,5 градус болды. Мұндай көрсеткіш 1939 жылдан бері алғаш рет тіркелген.
Аптап ыстықтан адамдар ғана емес, жан-жануарлар да зардап шегуде. Әсіресе жарқанаттар мен жабайы жылқылардың жаппай қырылуы белең алған.
Ғаламшарда ыстық және суық күндердің арақатынасы бірдей болуы керек. Бірақ 2018 жылы әлемде ыстық ауа райына байланысты 430 рекорд жаңарған. Ал суық температура бойынша 40 рекорд ғана тіркелген.
Қазіргі таңда ең ыстық жыл ретінде 2016 жылдың аптабы назарға ілігіп келеді. Климатологтар биыл одан да ыстық жыл болуы мүмкін деп болжауда.