Қытайда өткен "Әлем аруы-2012" байқауы өз мәресіне жетті. Биылғы жылдың аруы да анықталды, жеңімпаздың есімі - 23 жастағы қытайлық Ю Венься. Бұл туралы байқаудың арнайы сайты хабарлайды.
Ал екінші орынды Ұлыбританияның уәкілі - Элизабет Молдс иемденсе, үшінші орынды австралиялық Мишель Кахавати жеңіп алды.
Қытайлық аруға тәжді былтырғы жылдың жеңімпазы венесуэлалық Ивиан Саркос кигізіп, жетістігімен құттықтады.
Байқау қортындысы жарияланысымен-ақ, Ю Венься: "Бала күнімде көптеген адамдар маған көмек қолын созғандықтан өзімді бақытты санайтынмын. Келешекте мен де өздерін бақытты сезінулері үшін бөбектерге қамқор болғым келеді", - деп ағынан жарылған.
Байқауда он алты елдің ең сұлу арулары бақтарын сынағандығын айта кетейік. Сайыстың финалы Қытайдың Ордос қаласында өтті.
Суреттер: news.rambler.ru,facebook.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева