Олар басқа жануарлар секілді қызыл-жасыл көркімен көз арбамайды, бірақ ақ-қара түсімен-ақ сүйкімді.Наташа Дэйли Бұл түстердің не қасиеті бар? Бояу схемасы да әрдайым анық бола бермейді. Зебралардың жолақты болудан қандай пайда көретінін білмек болған ғалымдар зерттеуге ғасырдан астам уақытын жұмсады. UC Dadisұйымының биологі Тим Каро құпияның кілтін табу мақсатында Танзаниядағы зебраларды зерттеуге 10 жылын сарп еткен. Шындығында, жолақтар зебраларға жыртқыштарды жолынан адастыру үшін керек дегеннен басқаша қорытынды жасауға итермелейтіндей. Каро 2013 жылы саваннаның әр бұрышына шыбын аулағыштар орнатып, олардың үстіне зебра терісін орап қояды. Тереңірек зерттеуден кейін ол жолақтар зебра терісін ауру тасығыш жәндіктерден қорғайды деген қорытындыға келген. Флуоресценция секілді көз тартпағаны ақ пен қарадан тон кию сүтқоректілердің өзіндік артықшылығы болып шықты. АЛЫП ПАНДА Сиқырлы шапан Панда денесін бөлек-бөлек зерттеу нәтижесінде олардың реңі жөніндегі жаңа деректер пайда болды. Құлағының қаралығы айбатын, көзінің қаралығы даралығын айшықтайды. Ал ақ денесі қарда, қара сирақтары орманда жасырынуға қолайлы. Түстердің бұл үйлесімі оның бамбукке құмарлығынан пайда болған. Бірақ бамбуктен қажетті май жинай алмағандықтан, олар қыста қар астынан нәпақа айыруға мәжбүр. Дереккөз:nationalgeographic.kz