Ақылы әрі ақылды орындықтар

Ақылы әрі ақылды орындықтар
Фото: metro.co.uk

Қытайдың Янтай қаласындағы саябақтарда ақылы орындықтар бар. Орындыққа ақша төленген жағдайда ғана жуан инелер уақытша орындық ішіне кіріп кетеді. Басында экспозиция ретінде жасалған бұл орындықтар идеясы неміс мүсіншісі Фабиан Брюнсингке тиесілі.

Мүсінші жуан инелі орындықтар арқылы жаңа заманның коммерциялық қыспағына наразылығын білдіріпті. Мұны қытайлықтар пайдаға асырып, бірнеше саябаққа орнатқан.

Жергілікті басқараманың айтуынша, бұл орындықтар бірінші кезекте, демалыс орындарында үйсіздердің күні-түні жайғасып алуына тосқауыл болмақ, екіншіден, демалыс күндері адамдардың шамадан тыс көбейіп кетпеуіне септігін тигізбек. Жуан инелер адамдар үшін қауіпсіз, бірақ онда отыру тым ыңғайсыз көрінеді. Бұл орындықтарға отырғанда бастысы дер кезінде тұрып кету керек-ақ.

Massaget.kz