Ақшақар туралы ертегі

ХХІ ғасырда заманы шарықтар тұрған электронды кітаптардың оңтайлы тұстары мен артықшылықтары бар екендігіне таласымыз жоқ. Дегенмен, олардың барлығы дерлік жабылып келсе да, таяуда ғана жарыққа шыққан «360° book»  атты таңғажайып кітапты алмастыра алмайды. Yusuke Oono есімді жапондық суретші өзінің Ақшақар туралы үш бөлімді ертегісі жазылған кітабына дәл осындай атау беріпті. Бұл жай ғана кітап емес, миниатюралы туынды.

Кітапты 360 градусқа бұрып ашатын болсаңыз, «қағаздар қойылымын» тамашалай аласыз. Ақшақар пішіндері және гномдар отбасы, сиқыршылар мен ханшайым, патша сарайының ат шаналары, орман жануарлары мен құстары, ормандағы үйшіктер – бәрі де кітап бетіне лазермен ойылып салынған.

Әдетте ертегіні атаңыз бен әжеңіздің аузынан естіп жүрген болсаңыз, бұл жолы ертегіні кітап бетінен оқып қана қоймай, көре де аласыз.

Суретші бұрын-соңды болмаған мұндай туынды тек қана сәбилерді ғана емес, ересектерді де қызықтыра алатындығына сенімді екендігін айтады.

Қағаз бетін лазермен ойып жасалған Ақшақар туралы ертегі – «You Fab 2012» дизайнерлер байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.

Суреттер:d-jennifer.livejournal,kulturologia.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева