- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- АҚШ телеарнасы: зомби-қырғын...
АҚШ телеарнасы: зомби-қырғын келді
Өліктер қабірден босап, тірілерге шабуыл жасап жатыр. Естеріңізде болсын, оларға жақындамаңыздар. Қауіпсіздік сақтаңыздар!». KRTV деп аталатын америкалық Монтана телеарнасы дәл осындай хабар берген.
Мұны естіген жергілікті халық абыр-сабыр күйге түсіп, полицияға хабарласқан. Ал телеарна басшылығы бұл жағдайды хакерлердің шабуылы деп түсіндірді.
Осыған ұқсас жағдай АҚШ-та 1938 жылы болған еді. Радиодан «Марстан шабуыл» спектаклі эфирден жүріп жатқан кезде жергілікті халық оны шын оқиға екен деп дүрлігіпті.
Хакерлер өз әзілдерін осы жағдайға ұқсастырған секілді. Америка тұрғындарының көп бөлігі зомбилердің барына сенеді-мыс. Ал киноиндустриядағы зомбиленд мотиві туралы сөз айтудың өзі артық.
Хакерлер KRTV таратылым жүйесін бұзып, өздерінің жазылған дауыстарын эфирге шығарған болып шықты. Youtube порталында бұл жазба бар...
Ендігі кезекте аталған телеарна өз көрермендерінен кешірім сұрап, Монтана қаласында ешқандай да өліктер «жүгіріп» жүрмегені туралы ақпарат таратуы тиіс екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: wikipedia.org
А. Құлтай