АҚШ-та пойыз аударылып қалды

АҚШ-та пойыз аударылып қалды
Фото: tn.kz

АҚШ-та пойыз жолдан шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Он вагонның сегізі аударылған. Авария Филадельфияға жақын жерде болды.

Пойыздың Вашингтоннан Нью-Йоркке бағыт алғаны белгілі болды. Авария кезінде пойызда 240 адам болған. Пойыз бірінші вагон бұрылған кезде аударылды. Жолаушылардың ішінде бұрынғы сенатор Патрик Мерфи бар.

CNN телеарнасының хабарлауынша, пойызда болған жолаушылар туралы нақты ақпарат жоқ. Көп жолаушының жарақат алғаны белгілі болды. Он адам ауруханаға жеткізілген. Жарақаттанғандар Филадельфия ауруханасына жеткізіліп жатыр.

р

М. Бисембаева