АҚШ жеріндегі құпия белгілер

АҚШ жеріндегі құпия белгілер

Қазіргі АҚШ елінің барлық аймағында осындай құпия белгілер кеңінен таралған. Алайда олардың қай бағытқа нұсқайтынын ешкім де дөп басып айта алмайды. Мысалы, жалпыға белгілі мақсаттардан бөлек, оны кейбіреулер бөгдеғаламшарлықтардың салып кеткен іздері деген болжам айтады. Алайда оларды негізінде ұшқыштар осыдан жүз жыл бұрын қазіргі GPS навигатор ретінде қолданғаны ресми деректерден белгілі.

1

Алғашқы ұшақтар әуеге көтерілген кезде өзінің жолынан жаңылып қалмас үшін немесе басқа ұшақтармен соқтығысып қалмау мақсатында аса биікке ұша қоймаған. Пилоттардың да бұлттан әрі асуға жүректері дауаламаған. Ол кезде қазіргідей радиолокация жүйесі мүлдем қолданылмаған.

2

Сондықтан да ұшқыштар осындай белгілерді пайдаланып, баратын жерін, бағыттарын жаңылмай тапқан. Құпия белгілер әртүрлі түстерге боялып, АҚШ-тың барлық аумағында шашылып жатыр.

3

Осындай бағыттардың алғашқысы 1924 жылы Вайоминг штатында пошталық әуеқызметі үшін қолданылған екен. Бұл сол уақыттарда үлкен жетістіктерге саналып, кейін оны Нью-Йорктен Сан-Францискоға дейінгі аумақта жаппай салған.

Бағыттары бар құпия белгілер жобасы АҚШ жерінде 1940 жылдарға дейін өмір сүрді. Бағыттар арасындағы ара қашықтық 10 мильдай болады.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: mirfactov.com

Б. Қосмағамбет