Жаңа жыл — отбасылық мейрам. Бұл күні барлығымыз туған-туыстарымызбен, жора-жолдастарымызбен ақ дастархан басына жиналамыз. Бір-бірімізге ақ тілектерімізді ақтарып, жылы лебіздерімізді білдіріп, сыйлығымызды ұсынамыз. Бірақ белгілі бір себептерге байланысты отбасымыздың басты мүшесі бұған қатыса алмай қалады.
Дәл сол сияқты бұл балалардың да әкесі әскери адам. Биыл балалар жылдың басты мейрамын әкесімен бірге өткізгісі келеді. Бірақ әкелерінің Отан үшін, ел үшін, жер үшін адал қызмет етіп жатқанын біледі. Сонда да балапан жүректері әкелерін сағына күтеді.
Таңертең аналары балаларды ұйқысынан оятып, қонақ бөлмеге жүрулерін сұрайды. Ал өзі бәрін ұялы телефонға түсіріп отырады. Қонақ бөлмеде сырты жылтыраған қағазбен қапталған үлкен қорапты көргенде балалар қатты қуанып кетеді. Әкелерінің беріп жіберген сыйлығы екенін бірден біліп, оны ашуға кіріседі. Әрі қарай не болғанын төмендегі видеодан тамашалаңыздар.