Ақ үйдің сіз білмейтін құпиялары

Ақ үйдің сіз білмейтін құпиялары
Фото: Wallpapercave

Талай ғасырды артқа тастап, АҚШ-тың бірталай басшысына пана болған Ақ үйдің де өзіндік тарихы бар. Осы бір керемет ғимаратты көру үшін күн сайын қақпа сыртынан ондаған турист сығалап, суретке түсіп кетеді. Әлемнің жетекші елдерінің бірі Америка осы мекенді күллі әлемге әдемі етіп көрсету үшін ондағы болған келеңсіздікті көпке жариялауға тыйым салады. Сонымен бүкіл адамзатқа аты таныс Ақ үйде қандай сыр жатыр?

Ескі технология

Қазіргі жаһандану дәуірінде түрлі озық технологиялардың шығып жатқандығын көріп жүрміз. Жапония мен АҚШ елдері әсіресе осы бір жаңа кәсіпті жетік меңгерген. Бірақ, Ақ үйдің ішіндегі заттарға назар аударып, ескі екендігіне көзі жеткен жандар өз таңданыстарын жасырмаған. Алғашқы телефон, ескі дискеттер мен ақ, қара түсті бояулармен шығаратын принтрлер кездеседі екен. 2015 жылы жаңа өнімдерге ауыстырылғанымен әлі де талай риаритеттерді көзбен көруге болады. 

Жеке полиция

Ақ үйдің өз полициялары бар. "United States Secret Service Uniformed Division" деп аталатын сарбаздар ғимаратпен қосы маңайындағы көшелерді де торуылдап жүреді. Мұның барлығы мемлекет басшысының қауіпсіздігі үшін жасалған. Ең алғаш 1930 жылы Гувер есімді президенті осы бір идеяны іске асырған. Аталған қызметкерлердің қолына түсіп қалсаңыз ешқандай шағымсыз сізді біраз күнге қамап қоюға құқықтары бар. Сондықтан бара қалсаңыз, абай болғаныңыз абзал. 

Ақ үйдің көшірмелері

1792 жылы Джеймс Хобан есімді архитектор Ақ үйдің проектісін сызған. Кейін үлкен танымалдылыққа ие болғаннан кейін әлемнің көптеген елдері осындай өз ғимараттарын салуға кіріседі. Атап айтсақ, күрд миллиардері Ирактағы көшірмесін салғызса, Қытай да мұндай дүниенің оннан астамы салынған. Сонымен қатар Техас, Вирджини және Джорджи штаттары да өзінің ақ үйлері болғанын қалаған.

Сауық-сайран

Американың жетінші президенті Эндрю Джексон өзінің 61 жасын Ақ үйде өткізгенді жөн санаған. Көпшілік қауымға есігін айқара ашып, сауық мерекесін өткізген. Алайда, түн ауған мезетте масаңданған жұртшылықты көргеннен кейін Ақ үйден ештеңе қалмайтынын түсінген. Барлығын тастап, өзі қонақ үйде түнеген. 1829 жылдың 4 наурызы барлық америкалықтың есіне осындай қызықпен қалды. 

Құлдық еңбек

Мұндай алып ғимаратты тұрғызу үшін көптеген жұмыс күші қажет болғаны рас. Алғашында жобаға Еуропадан келген жалдамалы жұмысшылар жұмылдырылу көзделген. Кейіннен тым қымбатқа түсетін болғандықтан құлдарды жалдауға тура келген. Адам басына 60 доллар төлеп сатып алған басшылар кейіннен бұдан да басқа мемлекеттік ғимараттарды салуға құлдарды пайдаланған.

Жалғасы бар...

B. ZHAQSYMBET