Ажал алқабында орналасқан, оқ пен қан іздерінің дағы бар елес-қала 1,4 миллион долларға сатылды.Серро Гордо бұл бір кездері күміс қазып алынатын кен орны болған. ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында Серро жабайы батыстың ең қауіпті орындарының бірі еді. Бұл жерде аптасына кем дегенде бір қылмыс болып отырған. Мұны қаладағы қабырғалар да дәлелдейді. Себебі олар қорғасын оқтардан шұрық-тесік болып кеткен. Бұл жердегі сақталып қалған 22 ғимарат арасында мейрамхана, шіркеу, дүкен, мұражай және пайдалы қазбаларды жоғарыға алып шығатын көтергіш құрылғы да бар. Лос-Анджелес солтүстігінен 200 миль қашықтықта орналасқан бұл қаланың негізі 1865 жылы қаланған. Алғашында бұл жерден күміс қазып алына бастады. Осыдан соң кен орны бүкіл Калифорниядағы ең ірі қорғасын өндіретін орынға айналды. Бірақ нарықтағы күміс бағасының түсіп кетуі кен өндірісін тежеді. 1950 жылдары қала тұрғындары көшіп кетіп, кен орны қаңырап қалған. Аңыздарға қарағанда бұл жерде өткен ғасырдағы қылмыстық істердің әсерінен көп қан төгілуіне байланысты қайтыс болған адамдардың елесі қаңырап қалған қаланы әлі де кезіп жүреді екен. Қаланың жаңа иелері бұл жерде мейрамхана, ресторан, ән студиясы, театр ғимараттарын салмақшы.