Ағаштардың адамдарды емдей алатын қасиеті бар

Ағаштардың адамдарды емдей алатын қасиеті бар
Фото: tn.kz

Канадалық ғалымдардың зерттеуінше, ағаштардың әртүрлі емдік қасиеттері бар болып шықты. Барселондағы CREAL Қоршаған орта эпидемиологиялық зерттеу орталығының ғалымдарының айтуынша, экологиялық таза аймақта және табиғатпен үндесіп өскен бала зерек, әрі есте сақтау қабілеті мықты болады екен, - деп жазады baq.kz.

Канадада ғалымдардың жүргізген экспериментінде ағаштардың адам өміріне әсері қорытындыланды. Үлкен Торонто аумағында өсірілген ағаштарды санап, тұрғындардың орналасу мекеніндегі үлесін анықтаған. Нәтижесінде ағаш көп отырғызылған аудан тұрғындарын аурулар мазалай қоймайтындығын және медициналық көмекке анда-санда ғана жүгінетіндігі анықталған.

«Көпшілік өзін қоршаған табиғатқа немқұрайлы қарайды. Мен көп жылдан бері қоршаған орта табиғатының адам миы мен жүріс-тұрысына әсерін зертеумен келемін» дейді экспериментке қатысушы, Чикаго университетінің психолог профессоры Марк Г.Берман.

Мамандардың айтуынша, бір ағаш жылына 4,5 кг әрқилы зиянды ластануды сіңіре алады. Сондай-ақ, АҚШ (U.S. Forest Service) орман қызметі қызметкерлерінің айтуынша, ағаштар адамдарды 670 мың тыныс жолы күрделі вирустық инфекциялардан зақымдануды сақтайды.

Ая ӨМІРТАЙ

М. Бисембаева