- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ағаш үстіндегі қонақүй...
Ағаш үстіндегі қонақүй
Швецияда биіктен қорықпайтындарға арналған орман қонақүйі бар.
Бөлме "нөмірлері" ағаш биіктігінде жазылып (10 метрге дейін), оғаш көрінбеуі үшін табиғи түстерге боялған. Бөлмелердің әрқайсысы әртүрлі қалыпта көрініс тапқан. Мәселен, бірі төрт жағы да көрінбейтін шынылы әйнектен жасалса, ал ендігі бірі алып құстың ұясына ұқсастырылып салынған.
Бір айта кетерлігі, әр үйшікте керектінің бәрі бар. Ол қатарда, мәселен, әжетхана мен қол жуғышты атап айтуға болады.
Ең жақсысы сол, бұл қонақүйде бір түн қонып шығуға орташа есеппен 200 евро қажет. Адам басына, әрине.
сурет:businessinsider.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига