- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ағаш басындағы ағаш...
Ағаш басындағы ағаш
Италияның Пьемонт ауданында ағаш басына ағаш өскен.
Ерекше ағаш итальян тілінде «Bialbero de Casorzo» деп аталады. Мағынасы – Казорцоның қос түпті ағашы. Бұл тал Казорцо мен Пьемонт ауданының шекарасында орналасқан. «Қос түпті ағаш» екі талдың бірігуінен тұрады.
Ешбір адам бұл тылсым дүниенің мәнісін әлі күнге дейін түсіндіре алмай келеді. Әйткенмен, жергілікті тұрғындардың айтуынша, құстар тұт ағашының төбесіне шие дәнегін тастап кеткен. Ал одан кейін шие дәнегі ағашқа бейімделіп, өскен көрінеді.
Мұндай «қос түпті ағаш» сонымен қатар Хорватия ұлттық саябағынан да табылған. Ол өрік пен шыршаның бітісуінен пайда болған.
Оқи отырыңыз:
Әлемдегі ең қызықты айыппұлдар
Сингапурда ең үлкен аквариум ашылды
Ұлыбританияның ең жас кәсіпкері 9 жаста
АҚШ азаматы ерекше паровоз жасап шықты
Сурет: amusingplanet.com
Н. Нұрмаханұлы