- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Африкалықтар асырайтын үй...
Африкалықтар асырайтын үй жануарлары
Бүгінгі таңда жабайы жануарларды қолға үйрету сәнге айналып барады. Бірі ақ арыстанды төріне кіргізсе, енді бірі жолбарыс пен маймылдардың сан түрін сарайларынан көргісі келетіні жасырын емес. Бұл үрдіс негізінен Біріккен Араб Әмірлігі мен Оңтүстік Америкада белең алған. Алайда, "бөріні қанша қолға үйретсең де, орманға қарап ұлиды" деген бабамыз, жыртқыштардың жақыны болмайтынын ертеден білген. Соның салдарынан бүгінде біршама адам бай-манаптардың үй жануарларынан қаза тапқан. Қазіргі уақытта аталған екі мемлекетте де жыртқыштарды қолда ұстауға қатаң тыйым салған. Ал, барлығын табиғи жасайтын африкалық жұртшылық үшін бұл таңғаларлық оқиға емес. Себебі орманнан өздері ұстап әкеліп, қолға үйрететін қара нәсілділер, жабайы жануарларды үйлерінде асырайды. Сонымен назарларыңызға шет ел фотографтары түсірген африка жұртының үй жануарлары бейнеленген суреттерді ұсынамыз.
Маймыл асырайтын африкалық азамат. Қолындағы темір арқылы жануарды басқарады.
Киінген маймылдар да бар екен.
Иттің орынын алмастырған маймылдар иесі қайда барса, сонда жүреді.
Үй жануарларымен түскен африкалықтар.
Мұнда көптеген жұртшылық шибөрі мен мешін асырайды екен. Себебі бұл екеуінің адамға аса зияны жоққа ұқсайды.
Шибөрі ұстаған жігіттер үлкегн таяқтар мен темірлерді серік етеді.
Әбден қолға үйретілген жануар.
B. ZHAQSYMBET