Африкада ежелгі кітапхана табылды

Африкада ежелгі кітапхана табылды
Фото: techno.bigmir.net

Француз археологтары Судан жерінен ежелгі кушит тілінде жазылған таңбалы тастар мен жазбалар жинағын тауып алды. Табылған көне ескерткіштің жасы шамамен 2700 жылға тең деп болжаған. 

Ескерткіш біздің заманымызға дейін XIV ғасырда өмір сүрген Мысыр перғауыны Аменхотеп III жары Тиеге арналып салынған ғибадатхананың үгіндісі жатқан Седейнг аймағынан табылған. VII ғасырдан бастап біздің заманымызға дейін ол аймақ «өлілер қаласы» – 80 пирамида мен жүзге жуық қабірден тұратын қорымға айналған. 

ааа

Қабірдегі жазбалар мероит әліпбиі арқылы жазылған, оны біздің заманымызға дейінгі ІІ-V ғасыр аралығында солтүстік Судан жерінде және Нубияда қолданған.

Жоғалған бұл тілдің негізін қалаған Куш патшалығының тұрғындары болатын. Кейін Тутмос I фараонның кезінде Египет Куш патшалығын басып алды. Мероит әліпбиі ежелгі мысыр жазбаларына сәйкес құрылғанымен, әлі күнге дейін толық аударылмаған.

Т. Есқали