Африка Саванналары

Білесіздер ме, әлемтану айдарымен бірге саяхат жасамаған ерекше бір мекен бар екен. Қандай дейсіз бе?! Кейбіріміздің денеміз тітіркеніп, енді біріміздің көзіміз шаранамыздан шығып кетердей таңданыспен қарайтын бұл мекенге бару – кез келгенге бұйыра бермейді. Әрине, ол - Африка Саванналары...

Африка Саванналары – біздің қиялымыздағы Африканың нақ өзі. Иә, осылай түсініңіз. Басқаша айтып жатудың қажеті де жоқ. Қарғанның көзін талдырар Жердің шексіз кеңістігі, таңда қақтырар фауналар, Планетамыздағы ең үлкен табындар...

Әлем картасына көз жүгіртіп қарар болсаңыз, Африка құм мен жаңбырлы ормандардың қойнауында жатқандығын бірден байқайсыз. Олардың арасын бұталар мен тал-шіліктер, егістіктер бөліп жатыр. Жабайы саванна өте өзгергіш болып келеді: қалың орман жайқалып тұрған жерде бір мезгілде талдардың бәрі жоғалып, тек қана шөптердің қалуы әбден мүмкін. Аптапты ыстықта шөптер солып, ал нөсерлі күндері бірден қалпына келе қалады. Қысқасы, табиғат адаммен санаспайды.

Мұндағы маусымдар да ешқашан бір-біріне ұқсаған емес: бір жылы құрғақшылық немесе аптап ыстық болса, келесі жылы дәл сол кезде нөсер немесе аңызақ жел. Мұндағы табиғи құбылыстар жер шарында ешбір жерде қайталанбайды.

Саваннаның жануарлар әлемі алуан түрлі. Саванналар – жануарлардың  әлемдегі ең көп мекендейтін орны десек те артық айтқандық емес. Ең ерекше жануарлар ретінде: қабыландарды, арыстандарды, жирафтарды, марабуды, құмырсқа жеушілерді атауға болады.

Бүгінде Саваннаның жасы – 5-7 миллионға жеткен. Африка әлемінің ең жас құбылысы да осы саванналар. Осыншама уақыт ішінде саванна мұнда мекен ететін сансыз жануарлардың әсерінен адам сенгісіз өзгеріске ұшыраған.

 Суреттер:darwin.museum.ru,freeoboi.ru,luxe.ru

 Дайындаған: Айгерім Сматуллаева