- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Адамзаттың қашан киіне...
Адамзаттың қашан киіне бастағаны жәндік арқылы анықталды
Адамзаттың қай дәуірден бастап киім кие бастағанын археологиялық деректер арқылы анықтау қиын. Өйткені мата не тері қалдықтары топырақта ұзақ жатпайды, тез шіріп кетеді.
Сондықтан ғалымдар ежелгі адамдардың қай кезден бастап киім тіге бастағанын анықтау үшін генетика ғылымына жүгінген. Ал генетиктер денеде жүретін паразиттердің ішінен битті алып зерттеп, оның ДНК-сы осыдан 170 мың жыл бұрын өзгеріске ұшырағанын анықтаған. Яғни, табиғатта тіршілік ететін бит енді адамның басына түсіп, сонда тіршілік етуге бейімделе бастаған екен. Ал биттің тіршілік ету ортасы да генетикалық өзгерістерінің кесірінен ауыса бастаған.
– Бит – тек киім ішінде ғана тіршілік етуге бейімделіп алған әлемдегі жалғыз жәндік. Біздің ойымызша, адамдарда киім пайда болмай тұрып, бит те болмаған не басқадай тіршілік иесіне ұқсас болған, – дейді Флорида университетінің зерттеушісі, Флоридадағы Жаратылыстану тарихы мұражайының қызметкері Дэвид Рид.
Биттің басқа паразиттерден айырмашылығы – адам денесінде өмір бойы тіршілік ететіндігі. Бір адамнан екінші адамға жұғып жүре береді. Соның кесірінен адамда инфекциялық аурулар пайда болуы мүмкін. Ал киім киіп жүрген адамның тез биттейтінін айтпасақ та түсінікті.
Германия ғалымдары жер бетін мұз басқан кезде, ежелгі адамдар да киім киюге мәжбүр болған. Ал бұл алғашқы мұз басу дәуіріне сәйкес келеді. Шамамен, осыдан 180 мың жыл бұрын. Ал биттің ДНК-сы да осыдан 170 мың жыл бұрын өзгере бастаған. Осыдан келіп ғалымдар адамзат киім тігу мен киім киюді осыдан 200 мың жыл бұрын үйренген деген қорытындыға кеп отыр.
Қ. Слямбек