Адамзат тарихындағы ең ірі жануарлар

Біздің заманымыздан бірнеше миллион жыл бұрын алып тіршілк иелері өмір сүрген. Джунгли заңы бойынша ең үлкен жануарлар ормандардың, мамонт, пілдердің тұмсықтары өзен-көлдердің пайда болуына әсер еткен екен. Олай болса, алып жануарлар туралы біле отырайық.

Амфицелия 

Амфицелия – осыдан 145-161 млн жыл бұрын Жер бетінде өмір сүрген ең үлкен жануар. Шөппен қоректенетін динозаврдың бір омыртқасы 2,5 метрге дейін жеткен.

Титанобоа

Титанобоа – жемтігін буындырып өлтіретін айдаһар жыланның туысы. Бірақ одан бірнеше есе үлкен. Ұзындығы 13 метрге дейін жететін титанобоа жыланы 58-61 млн жыл бұрын Жер бетін мекен еткен. Қазір ең үлкен деген питон жыланының ұзындығы 7,5 метрге дейін жетеді.

Мегалодон

Мегалодон – 3-28 млн жыл бұрын мекендеген жыртқыш. Оның бір тісі ересек адамның алақанынан үлкен. Ал ұзындығы – 20 метр, салмағы – 47 тонна.

Аргентавис

Аргентавис 5-8 млн жыл бұрын өмір сүрген. Тарихтағы ең үлкен құстар қатарына енеді. Қанатын жайса, 7 метрге дейін жеткен. Тек кеміргіштермен қоректенген.

Ірі мүйізді бұғы

Ірі мүйізді бұғы немесе ирланд бұғысы деп те аталады. Алдыңғы жануарлар секілді бірнеше миллион жыл бұрын өмір сүрген. Орман Жер бетіндегі бос кеңістікті жайлай бастағанда ірі мүйізді бұғылар сирей бастаған. Себебі үлкен мүйіздері орман ішінде тіршілік етуге қиындық тудырған.

Бульдог-аю

Мұз дәуірінде өмір сүрген ең ірі жануардың бірін алып қысқа тұмсықты аю деп те атайды. Аналықтары аталықтарына қарағанда едәуір үлкен болған екен. Салмағы 1,5 тоннаға жеткен. Осыдан 14 мың жыл бұрын жойылып кеткен.

Парацератерий

Парацератерий немесе индрикотерий осыдан 20-30 млн жыл бұрын өмір жер бетін мекендеген. Құрлықта тіршілік еткен сүтқоректілердің ірісі. Ұзындығы 5 метрге жеткен, ал салмағы 20 тонна. Өңдері қорқынышты көрінсе де, жыртқыштар қатарына енбейді, олар тек жапырақтармен, ағаш талдарымен қоректенген.

Кетцалькоатль

Кетцалькоатль б.з.б. 66-68 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Тарихтағы қанатты динозаврлар және ұша алатын жануарлар қатарындағы ең ірісі. Қанатын құлаш сермегенде 12-15 метрге дейін жеткен. Өліктермен, ұсақ омыртқалылармен қоректенген.

Көк кит

Көк кит немесе блювал деп те аталады. Қазіргі күнге дейін тіршілік етіп келе жатқан жалғыз алып жануар. Ұзындығы 33 метрге, ал салмағы 150 тоннаға дейін жететін алып кит планктондармен және ұсақ балықтармен қоректенеді. ХХ ғасырдың 60-жылдары олардың саны күрт азайып кеткен. Қазір әлем бойынша 5000 ғана қалған.