- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Адамзат тарихында алғаш...
Адамзат тарихында алғаш рет қара құрдымның суреті жарияланды
Аспан әлемі жұмбаққа толы. Сан мыңдаған жылдар бойы ғалымдар мен зерттеушілер жұлдызды әлемнің ғажабына үңіліп келеді. Әсіресе көбірек қызықтыратыны - қара құрдым.
Галактика кіндігіндегі қара құрдымның фотосын түсіру үшін әлемдік зерттеушілер Event Horizon Telescope жобасын әзірлеген болатын. Ол үшін Жердің әр түкпіріне 8 телескоп қойып, зерттеулерін бастаған. Мамандардың бұл еңбегі өз нәтижесін беріп, адамзат тарихында алғаш рет қара құрдымның фотосы түсірілді. Оны түсіру мен зерттеу, сондай-ақ жариялау үшін 2 жылдай уақыт кеткен.
"М87 галактикасындағы қара құрдымның осыншама үлкен екеніне сене алар емеспін. Ал фотоны көргенде бұған еріксіз сенесің. Оның отты сақинасынан-ақ қаншалықты гравитациялық күшке ие екенін аңғаруға болады", - дейді Неймеген университетінің ғалымы Хайно Фальке.
Қара құрдым — жойқын тартылыс күші арқылы бүкіл материя мен жарық нұрын еш жібермей өзіне тартып алатын массасы өте ауыр жұлдыздық дене (үңгір емес). Оның массасы өте жоғары, тартылыс күші өрісі тым жойқын болғандықтан, ешқандай материя, магнитті толқын, жарық жылдамдығында қозғалады делінетін жарық радиациясы одан қашып құтыла алмайды. Бетіне түскен жарық ешқашан кері шағылыспайды, сыртқа еш жарық шығармайды. Ал ар жағы жұмбақ әлем.
Қара құрдым Күннен 21 миллиард есе ауыр. Ол Жерден 57 миллион жарық жылында орналасқан.