Әлемде ештеңе де мәңгілік емес. Уақыты келгенде барлығы да өшеді, сөнеді, жоғалады. Ал бетін аулақ қылсын, егер адамзат баласы жер бетінен жоғалар болса, әлем қандай күйге енбек?
48 сағаттан соң: жер асты сулары метро жолдарына жинала бастайды. Түрлі жер асты жолдары ақаулары орын алады.
1 аптадан соң: жылу станциялары мен жарық беру жүйелері өз жұмысын тоқтатады.
1 жылдан соң: электр бағаналары құлап, жоғары вольтты сымдар үзіле бастайды. Қалаларды жануарлар мекендейді. Ғаламшарда 10 миллионнан астам ғана құстар қалады.
10 жылдан соң: биік ғимараттарға сызаттар түсіп, суық мекендерде газ құбырлары жарыла бастайды. Сонымен қатар тарақандар суыққа шыдамай өмір сүруін тоқтатады.
20 жылдан соң: түрлі металдардан жасалған ескерткіштер мен бағаналар құлайды.
1 ғасырдан соң: түрлі жыртқыш ірі аңдардың саны күрт көбейеді. Мысалы, піл саны жиырма есе артады. Керісінше ұсақ аңдар мен жануарлар саны азая түседі.
300 жылдан соң: көптеген қалаларды су басып, жер бетінен жоғала бастайды. Алып көпірлер құлайды.
5 ғасырдан кейін: жер бетінде ағаштар көбейеді. Қалаларды түгелімен ормандар басады.
15000 жылдан кейін: жер бетінің кейбір бөліктерін мұздықтар жаба бастайды.
35 000 жылдан соң: жер бетінен адамзат қолымен жасалған дүниелер толығымен жоғалады.
1 00 000 жылдан соң: атмосферадағы ауа-райы бастапқы күйіне енеді. Түрлі улы газдар күшін жояды.
2 милллион жылдан кейін: жер бетінде қалған түрлі пластикалық қалдықтардан өсіп шыққан шөптермен жануарлар қоректенеді.
8,5 миллион жылдан кейін: қоладан жасалған кейбір архитектуралық ескерткіштер осы уақытқа дейін жер қойнауында сақталады.
3 миллиард жылдан соң: жер бетінде тіршілік жалғасады, бәрі де бастапқы адамзат баласы жаратылған табиғатқа оралады.
6,5 миллиард жылдан кейін: Өзге ғаламшарлар әсерінен, Жер ғаламшары күн жүйесінен алыстап, мәңгілікке жоғалады.
Мәңгілік: ғарыш әлемінде жер серіктері саяхатын жасап жүре береді. Бұл адамзат баласының өмір сүргенінің бір ғана дәлелі мен куәгері болмақ.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: facte.ru