Адамдар бір сәтте жоқ болып кетсе, ары қарай не болады? (Фото)

Адамдар ғаламда  бір сәтте өмір сүруін тоқтатса, не болады? Ойланғандар бар ма екен?

Тамашалаймыз!

2 күн:  48 сағаттан кейін жер асты метроларын ағын су басады.

7 күн:  Бір апта өткен соң мұнай атом реакторларының  апаттық генераторлары өз жұмысын доғарады.

1 жыл: Бүкіл әлем бойынша тек  10 миллион құс қана тірі қалып, телемұнаралар құлап, антенналар бұзылып, жоғары вольтты сымдар қатып қалады. Қала жануарлар дүниесіне ұласады.

3 жыл: Суық аймақтарда жылудың жетіспеушілігінен газ құбырлары жарылатын болады. Газдың сыртқа таралуынан табиғат өртке оранады. Ғимараттар қабырғасы жарылып, қирай бастайды.  Бір-екі жылдан кейін тарақандар жойылу үстінде болады.

10 жыл: Үйлердің шатырларын тот басып, сарт етіп сына бастайды.

20: Барлық темір-терсектерді қақ басады. Оңтүстік және Солтүстік Америкамен қосылып, Панама каналы жермен жексен болады.

100 жыл: Бір ғасыр бұрын өмір сүрген 500 мың пілдің саны 20 есеге өседі. Түлкі секілді кішкентай жыртқыш аңдар жойылу сатысында тұрады, себебі оның орнын қарапайым мысықтар алмастырады.

300 жыл: Көптеген аспалы көпірлер бұзылады. Дамба қабырғалары судың қатты ағысы мен толысуына төтеп бере алмай жарылып кетеді. Оның нәтижесінде біраз қаланы су шаяды.

500 жыл: Қаланы орман мен қапырық басады.

15 000 жыл: Үлкен қалалар мұз басудан қирап кетеді. Тек жер асты құрылыстары басқалармен салыстырғанда зақымданбайды.

35 000 жыл: Табиғи қоршаған ортамызды ластап келген кей химиялық элементтер жойылып, жарамсыз қалған жерлер өзінің бұрынғы қалпына түседі. Бірақ кадмий секілді күрделі қоспалардан құтылу үшін табиғат тағы 75 000 жыл күтуі керек.

100 000 жыл: Ауадағы оттегі мөлшері адам жерге аяқ баспай тұрған кездегідей болып өзгереді.

250 000 жыл: Атом бомбасының әсерінен пайда болған радиация тып-типыл жоқ болып, ауамен сіңісіп кетеді.

2 000 000 жыл: Жануарлардың кей түрлері  эволюцияға ұшырап, пластикалық заттарды қорытып, олармен қоректене береді.

8 500 000 жыл: Бастапқыда соғылған архитектуралық сәулет өнерінің қалдықтары жер сілкінісі немесе жанартаулардың атқылауы секілді табиғи апаттардан аман қалса, оның ішіндегі дүние-мүліктерді қарап тануға болады.

3 миллиард жыл: Жерде тіршілік нышаны өз жалғасын тауып жатады, алайда, өкінішке орай, нақты не болатынын айтып болжау өте қиын.

6,5 миллиард жыл: Жер бедерін Күн жүйесі күйдіріп, ғаламшарлар бір-біріне жақындай түседі.

Мәңгілік: Аспан жер серіктері жалғыз тіршілік иелері есебінде бүкіл ғаламда өздері ғана қалады.

Сіздердің ойыңызша қалай, бұл шындыққа жанаса ма?

Оқи отырыңыз:

Румынияның жер асты өмірі

Ғаламның ашылмаған сырлары

Бермуд үшбұрышының сыры неде?

Жер шарындағы тылсым «түпсіз тұңғиықтар»

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:www.liveinternet.ru