Көптеген адамдар өздеріне жұмыс жоқ деп шағым айтқанды жақсы көреді. Соңында ақшасы ештеңеге жетпей жатады. Жақсы жерге жұмысқа орналасып, бірақ түк те бітірмей ақшаны уақтылы алып отырғанды қалаймыз. Ал, ауыр еңбек жасауға келгенде барлығы келісе бермейді.
Міне, жеке өз кабинетінде еркін өмір сүру салтын жүргізіп, ғаламтордан әртүрлі ойын-сауықтық сайттарды қарап отыруды армандайды. Оның орнына кейбір жұмыстарды атқара отырып, миллиондаған адамдардың ішінен ерекшеленіп шебер атануға болады. Кез-келген өзгеше мамандықты игерсеңіз болғаны, сіз туралы елдің бәрі әңгіме ететін болады. Оған төмендегі мамандықтар дәлел.
Ит және мысық тамақтарының дәмін келтіруші маман. Өкінішке орай үй жануарлары өздерінің тамақтарының дәмдерін адамдарға айта алмайды. Жануарлардың тамағының дәмін айырумен айналысатындардың бірі Саймон Элиссон. Оған мысық пен иттердің тамағын сынақтан өткізген ұнайды, сонымен қатар ол пайда әкеледі. Саймонның пікірі азықтың базарға шығарылуы немесе шығармалуына тікелей әсер етеді. Элиссонда тіпті мысықтарға арналған жемістер мен тауық етінен жасалған тамақтары бар. Бұның ішіне ешқандай есірткі қосылмаған.
Экскременттердің археологы. Маяковскийдің айтқан сөзін еске түсіруге болады: «Құрметті болашақ ұрпақ! Бүгінде қатып қалған зәрді ақтару арқылы біздің дәуірді зерттей отырып, мүмкін сіздер сол сәтте мені де еске аласыздар..». Әрине. Өткен ғасырдың қалдығын зерттеумен айналысу үлкен ләззат сыйлайтын дүние. Дегенмен ежелгі дәуірдің жұмбақ хаттарының құпиясын ашу барлығының қолынан келе бермейді. Ал, ата-бабаларымыздың қалдық болып қалған зәрлерін зерттеудің арқасында көптеген заттарды білуге болады. Қазіргі таңда экскременттер ғана біздің ата-бабаларымыздың қалай тамақтанғаны мен сол кездегі табиғаттың қаншалықты таза болғандығынан хабар бере алады. Егер зәрден құрттың қалдықтары табылса, онда археолог-патоэколог ежелгі адам құрт-құмырсқамен тамақатанды деген шешімге келетін болады. Егер дөңгелек құрттардың қалдығы шықса, онда фекалидің басшысы өз уақытында көп ет жеді деген сөз.
Кәсіби ысқырғыш. Кейбір адамдарға ысқырғандары үшін ақша төлейді. Сондай жандардың бірі Стив Хербст болып табылады. Ол бірнеше мәрте көркем ысқыру бойынша әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болды. Стивті кішкентай кезінде ата-анасы қонаққа барғанда бірге алып жүретін болған, себебі ол өзінің өнерімен жақын таныстарының көңілін көтеретін. Стив жарнамалық фирманың қызметкері, ол Манхеттеннің көшелеріне де шығып өз өнерін көрсете алады. Оны Моцарт немесе Листің ерекше әндерін тыңдау үшін жиналған көптеген есінеушілердің арасынан оңай ажыратуға болады.
Жалғасы бар
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: molomo.ru